Намаз оқитындар қылмыс жасауы мүмкін, ал сопылар ондайға бармайды - Ақберен Елгезек - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Намаз оқитындар қылмыс жасауы мүмкін, ал сопылар ондайға бармайды - Ақберен Елгезек

Намаз оқитындар қылмыс жасауы мүмкін, ал сопылар ондайға бармайды - Ақберен Елгезек

Ақын, жазушы Ақберен Елгезек сопылық исламға бет бұрғанын мәлімдеді.

  • 23 Қыркүйек
  • 91
Фото: adyrna.kz

Бұл туралы ол Dulat Tastekey YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Суфизм бұл — ислам. Көбісі оны ширк, адамға табынуғ әруаққа сыйыну деп ойлайды. Олай емес, ол білімсіз адамдардың ойы. Исламда үш таған бар: иман, ислам, ихсан. Иман мен исламды біледі, ал ихсанды ешкім білмейді. Ихсан деген суфизм. Иман мен исламда жүрген адамға қарағанда кемел деңгейге жету. Бұл — ғылым. Сопылықта бес уақыт намазымда өтедім, құдай риза шығар деп жүре бермейсің, исламды зерттейтін адамға айналасың. Суфизм қазақтың қанында ағып жатқан білім. Қожа Ахмет Яссауиден бастап тарқататын болсақ, қанша ғасыр өтті. Қай ауылға барсаң да, әулие көп. Қазақтың даласында шашырап жатқан бұл не деген әулие?! Бұның бәрі суфизм ұстанып, исламды ұстанған адамнан әлдеқайда рухани биік деңгейге жеткен адамдар. Олар құдайдың сүйіктілері», — дейді ол.

Ақын сопылардың Алла алдындағы дәрежесі туралы да сөз қозғады.

«Ащы сумен ат құйрығын кесісіп, намазға жығылдым. Содан кейін ислам деген не, зерттеп көрейінші дедім. Бұл — менің ақылмен таныған дүнием. Мен мешітке барып, біреудің уағызын тыңдап келген жоқпын. Намаз оқып, біреуді алдап, қылмысқа бара беруі мүмкін. Ал, сопылықта ондайға бармайды. Исламның үшінші тағаны, кемел болғандықтан сен ішкі жан дүниеңде қылуетке кіресің, оңашаланасың. Алла Тағала салған тыйымдарға жоламайсың, үнемі зікірде жүресің. Қайда жүрсең де Алланы ойлап жүресің. Сопы адам жаман болды деген сөз жоқ. Ол жаққа барғанда Алланың алдында дәрежең басқа болады. Бір әулие қайтыс болғаннан кейін шәкіртінің түсіне кіріпті. Шәкірті де тегін адам емес, ол Алла Тағала сізбен не істеді дейді. Кешірді, әйтеуір депті. Қалай кешірді десе, мен жазған кітаптарым, оқыған намаздарым, ұстаған оразаларым, қажылықтарым ешқайсысы көмектеспеді. Ыстық күні тілі салақтап отырған итке су құйып едім, сол үшін мені кешірді депті. Ойлы адамға бұл үлкен ғибрат. Сондықтан, мен намаз оқып жүрмін, сақал қойдым енді Алланың сүйіктісімін деп ойлау қате. Алла бізге мұқтаж емес», — дейді Ақберен Елгезек.