"Намаз оқымасам болмайды екен": Мұхамеджан Тазабек Жүрсін Ерманның қазіргі халі туралы жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намаз оқымасам болмайды екен": Мұхамеджан Тазабек Жүрсін Ерманның қазіргі халі туралы жазды

"Намаз оқымасам болмайды екен": Мұхамеджан Тазабек Жүрсін Ерманның қазіргі халі туралы жазды

Ақын Мұхамеджан Тазабек айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның халін сұрап барғандығы туралы жазды. 

  • 27 Сәуiр 2023
  • 124
Фото - Caravan.kz

Ол әлеуметтік желіде Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Айтыстағы әкеміз, өмірдегі көкеміз Жүрсін ағаға сәлем беріп, хәлін сұрап, батасын алып қайттық. Әуелі Алла, одан соң елдің тілегімен ортаға оралып, өз үйі, өлең төсегінде ем алып, демалып жатқан ағамыздың жүзін көріп, лебізін тыңдап қуанып қалдық. Аллаға дұға қылып, абыз ағамыздың амандығын тілеп қайттық. Жан жары, сүйікті серігі Бақытжамал апамыздың аяулы алақанында тұрғанын, жүрегі мақтадан жұмсақ, көкжиектен кең Ардақ қызының қамқорлығында екенін көріп, көңіліміз тынышталып тарқастық", — деген ол.

Сондай-ақ, Жүрсін Ерманның жансақтау бөлімінде жатып, намаз оқу туралы шешімге келгенін де жеткізді.


"Ағамыз он екі күн жан сақтау бөлімінде жатып, арғы дүниеге барып келгендей хәлден оянған бетте де, ең бірінші : "Ардақжан, намаз оқымасам болмайды екен" деп, тіл қатуы да, жүректе не бар екенін көрсетіп тұр ғой…", — делінген жазбада. 

Желі қолданушылары танымал тұлғаның амандығын тілеп жылы пікірлерін жазып жатыр.