"Намаз - сыртқы құлшылық, онымен көкіректі толтыра алмайды" - кәсіпкер - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намаз - сыртқы құлшылық, онымен көкіректі толтыра алмайды" - кәсіпкер

"Намаз - сыртқы құлшылық, онымен көкіректі толтыра алмайды" - кәсіпкер

Белгілі кәсіпкер Айнұр Бектұрған намаз оқыған адамның жаны маза таппайтынын айтты.

  • 6 Қаңтар
  • 19
Instagram/Айнұр Бектұрған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Кәсіпкер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Неліктен адамдардың көкірегі қуыс, бір бақыт жетіспейді. Шетелде демалады, сонда да бір күйбең тірлік. Бірақ іштен бір нәрсе жетіспейді, бұл жұмыс менікі емес деген секілді. Әрдайым адам ізденісте болады, содан кейін барып құлшылыққа келеді, яғни сыртқы құлшылыққа кетеді.

Намаз оқимын дейді, онымен де толтыра алмаймын дейді. Cыртқы құлшылық ол парыз, бірақ ол көкірегімізді осы құндылықтармен толтыра алмайды. Ол біздің тәнімізді, жанымызды тазартатын дүние.

Адам бұл өмірден кеткенде тек ұжданын бірге алып кетеді, яғни сен не істедің деп сұралады. Қиянатың көп пе? Бұл ұждан таразыға салынады. Өзіңізге сұрақ қоя біліңіз, менің адамдарға жақсылығым көп болды ма әлде жамандығым көп болды ма?

Адамдардың ақысына кірдім бе? Ол адамдардың қазан-ошағына араластым ба ? Өсек-әңгіме айттым ба? Ол адамды жылатып, көз жасына қалдым ба? Бұлардың барлығы ұжданға жазылады», — деді психолог.