«Бұл — біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың басы. Мен бізде мүмкіндік пайда болғанына өте қуаныштымын», — деді Ндали Че Камати.
Елші Қазақстан мен Намибия халқының арасындағы терең тарихи байланыс әріден басталғанын атап өтті. Қазақстан бір кездері Намибия халқына тәуелсіздік үшін күресте қолдау білдірді. Сол үшін намибиялықтар Қазақстанға ырза.
Елшінің пікіріне қарағанда, Намибияда да Қазақстандағыдай минералды ресурстардың арнайы қорлары бар. Сол үшін оларды игеруде оларға қазақстандық тәжірибе керек. Сонымен бірге, өзара сауда-саттықты дамыта беру керек.
Сондай-ақ өзара тиімді сауданы дамыту керек. Қорытындысында Ндали Че Камати қазақстандықтарды сафариге қатысуға шақырды.
