"Намысты жігіттер палау жейтін кезде ғана атқа қонып шығып жатыр ма?" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намысты жігіттер палау жейтін кезде ғана атқа қонып шығып жатыр ма?"

"Намысты жігіттер палау жейтін кезде ғана атқа қонып шығып жатыр ма?"

Қоғам белсендісі, блогер Айгүл Орынбек өз пайдасын ойлайтын қазақ жігіттеріне деген ренішін айтты.

  • 21 Қазан 2019
  • 108
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Намысты жігіттер палау жейтін кезде ғана атқа қонып шығып жатыр ма?"

"Қазақтың мықты жігіттері тегін палау, оңай олжа , пайда болса ғана атқа қонатынын осы тойда көрсетті. 
Алаңға шығып жүрген әйелдер мен қарттарға ренжудің қажеті жоқ! Себебі қазақтың кейбір ер азаматтарының бейнесі мына суреттегідей! 
Ұлттық намыстан, құлқынның қамы артық болып тұр бұл жігіттерге! Ия ұлттық ойын көкпар үшін бардық қой деп, өздерін ақтауы да мүмкін! Дәл қәзір еліміздегі жағдайда әйелдер алаңда ұрандап жүргенде, ер азаматтарымыз көкпарлап жүргені дұрыс болмады. Осыдан кейін , қыз басыңмен неге ұрандап жүрсің?- деп маған ренжудің қажеті жоқ! Елдің, жердің жағдайын көріп отырып қалай үндемей отырамын!? Егер қазақтың жігіттері мықты болса, біз атқа қонбас едік! Елім дейтін ер шығып жатса, мініп жүрген атымды бүгін берер едім", — деп жазды Айгүл Орынбек.