"Намысыма қатты тиді": Әбдіжаппар Әлқожа неден көңілі қалғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намысыма қатты тиді": Әбдіжаппар Әлқожа неден көңілі қалғанын айтты

"Намысыма қатты тиді": Әбдіжаппар Әлқожа неден көңілі қалғанын айтты

2018 жылы "Жыл таңдауы" жүлдесінде марапатсыз қалғаны әншінің намысына қатты тиген, әртістің ойынша, Қазақстанда әділ өтетін музыкалық жүлде жоқ

  • 23 Қаңтар 2020
  • 86
Фото - Caravan.kz

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа Қазақстанда әділ өтетін музыкалық жүлде жоқ деп санайды. "Жыл таңдауы", Qazaq music awards секілді ұлттық жобалардан әртістің көңілі қалған. Бұл туралы ол Talk like бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

2018 жылы "Жыл таңдауы" жүлдесінде марапатсыз қалғаны әншінің намысына қатты тиген көрінеді.

"Намысыма қатты тиді, "Жыл таңдауының" продюсерін көрмей кетсем де, желіде пост жаздым. K-pop айтатын жігіттермен қатарлас шықтық. Ешкім танымайды, мен өз басым танымаймын, олар да мені танымайтын шығар. Жұмысымыз да, шатағымыз да жоқ. Шашын бояп, сырға таққан балаларға номинация беріп жатыр. Бәріне берді, тіпті бір-екеуі фонограммамен айтты. Нұрболат шықты, оған берді. Нұрболат досым, қатарласым ғой. Оған бергеннен кейін, маған да беру керек еді", — дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Әнші ұйымдастырушылардан жүлдесіз қалуының себебін де сұрапты.

"Неге маған бермедіңдер, бәріне бердіңдер ғой деп соңынан сұрадым. Тіпті плагиат әнге де берді. Бірақ маған сіздікі плагиат қой, сол үшін бере алмадық деп айтты. Ішім қатты күйді. Өздері таңдап алған ән. Береміз деп айтылған", — дейді ол.

Айтуынша, "Жыл таңдауының" продюсері Жан Мұқановпен қазір араласпайды.

"Амандаспай кеткен жоқпын, сыйласса, сыйласамын. Өз ісінің шебері шығар мүмкін. Бірақ адамды бөліп, не болмаса артынан сылтау айтуға болмайды. Жігітке жараспайды ғой", — деп ренішін білдірді Әлқожа.


Ал 2019 жылы өткізілген "Жыл таңдауына" әртіс шақырылмаған. Шақырса да, бармаймын деп отыр.

Әлқожа былтыр тұсауы кесілген Qazaq music awards жүлдесі де әділетсіз өтті деп санайды.

"Ол да сондай болды. Әділдік болған жоқ. Менің директорым номинация бересіздер ме сұрады. "Ең үздік әншіні береміз, ең үздік бейнебаянды анаған береміз деді. Келісіліп алынғаны көрініп тұр ғой. Келіңіз деп хабарласты. Сосын тізімді қарасам, жоқ екенмін. "Жігіттер" квартетін шашын бояп, сырға таққан жігіттермен салыстырып, "Жігіттер" тобын жүлдесіз қалдырды. Жанболат пен Жазира қандай керемет әнші. Алды да Арман мен Аша Матайға беріп жіберді. Аша Матай мен Арман керек десең, дуэт емес қой. Екі жақтан қосылған екі әнші. Ал ең үздік жұпқа Жазира мен Жанболат лайықты, негізі. "Жыл таңдауы" болсын, Qazaq music awards болсын, әділетсіз өтеді. Бұл өз ойым. Бұл үшін мені сотқа бере алмайтын шығар. Осы сұқбатқа бола, бәленің астында қалмайын", — деді ол.

Әртістің ойынша, Қазақстанда әділ өтетін музыкалық жүлде жоқ.