Нан бағасының қымбаттау проблемасы Қазақстанның көптеген аймақтары үшін өзекті күйінде қалып отыр - депутат В.Землянов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нан бағасының қымбаттау проблемасы Қазақстанның көптеген аймақтары үшін өзекті күйінде қалып отыр - депутат В.Землянов

Нан бағасының қымбаттау проблемасы Қазақстанның көптеген аймақтары үшін өзекті күйінде қалып отыр - депутат В.Землянов

Нан бағасының қымбаттау проблемасы Қазақстанның көптеген аймақтары үшін өзекті күйінде қалып отыр. Елімізде нан-булка өнімдерінің бағасы қымбаттауына байланысты үкіметке жолдаған депутаттық сауалына берілген жауап туралы түсініктеме берген мәжіліс депутаты, "Асар" партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Валериан Землянов осындай пікір білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Асар" партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 598
Фото - Caravan.kz

Республика үкіметінің атынан депутаттық сауалға жауап қайтарған ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченконың пікірінше, «нан бағасын мемлекет тарапынан реттеу үрдісін енгізу алпауыт өнім өндірушілерге жасырын субсидия бөлуге түрткі бола отырып, базардағы тепе-теңдікке нұқсан келтіруі ықтимал».

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігіне азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты әр тоқсан сайын қайтадан есептеліп отыратын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жолымен қолдау көрсетіледі, дейді Г.Марченко. Ол қосымша дотация бөлудің қажеті жоқтығына сенімді.
В.Землянов өз кезегінде үкіметтің өзекті мәселеге дер кезінде назар аударғанын атап өтті. Бірақ ол нан бағасын мемлекет тарапынан реттеу үрдісін енгізу қажеттігі «Асар» партиясының орталық аппараты ұйымдастырған дөңгелек үстелдерде жиі айтылып жүргеніне тоқталды. Аталмыш кездесулерге қатысушылар нан бағасының өсе түсу проблемасын шешуді үкіметтің басымдық беретін міндеттері қатарына қосады.
Депутаттың айтуынша, үкіметтің жедел араласуын талап ететін басқа да көкейкесті проблемалардың қатарында валюталық реттеу, мұнай және мұнай өнімдерінің бағасын реттеу, тарифтік реттеу мәселелері де бар.

Соңғы жаңалықтар