Н.Ә.Назарбаевтың ИЫҰ-на мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясындағы сөйлеген сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Ә.Назарбаевтың ИЫҰ-на мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясындағы сөйлеген сөзі

Н.Ә.Назарбаевтың ИЫҰ-на мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясындағы сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясындағы сөйлеген сөзі.

  • 29 Маусым 2011
  • 997
Фото - Caravan.kz



Бисмиллаһи ир-Рахмани ир-Рахим!

Қадірлі қонақтар,

Ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді кеңпейіл Қазақстан халқы атынан ыстық ықыласпен қарсы алға­ныма зор қуаныштымын!

Биыл еліміздің тәуелсіздігінің 20 жыл­дығын мерекелеп жатқан Қазақстан үшін Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етудің тарихи маңызы өте зор.

Бүгінде бейбітшілік, ынтымақтас­тық және даму үшін Ислам Конфе­рен­циясы Ұйымының қажеттілігі арта түскені бәрімізге белгілі.

Бұл ұйым — төрт құрлықтағы 57 мем­лекетті біріктіретін «Ислам әлемі­нің өзіндік Біріккен Ұлттар Ұйымы» міндетін атқарып отырған бірегей құ­рылым болып саналады.

Бүгінгі алмағайып заманда Умма салмақты проблемалармен бетпе-бет келіп отыр.

Ислам қоғамдастығына бейбітшілік, жаңғыру, ғылыми-техникалық даму және өркендеу ауадай қажет.

Умманың жиынтық экономикалық әлеуеті шексіз және бізге өзара тиімді ын­тымақтастық, өзара көмек және да­му­ға ықпалдастық тұрғысынан күш біріктірген ұтымды болады.

Сауда-инвестициялық, технология­лық, әлеуметтік және білім беру бағ­дарламаларын іс жүзіне асыруда Ислам ынтымақтастығы біздің ұйымның бас­ты қағидаты рөлін атқарады.

ИКҰ-ға мүше мемлекеттер тұрғын­да­рының орташа сатып алу қабілеті тоғыз жарым мың долларды құрайды, ал Еуропа елдеріндегі балама көр­сет­кіш жиырма төрт мың доллардан асады.

Ислам Конференциясы Ұйымы елдер арасындағы дамудың өзінде үлкен айырмашылықтар бар.

Мәселен, жан басына шаққандағы ІЖӨ аса дамыған және дамымаған мемлекеттер арасында 100 пайыз айырма­шы­лықты құрайды.

ИКҰ-ға мүше елдер әлемдік энер­ге­тикалық ресурстардың 70 пайызын ба­қы­лауында ұстап отыр.

Алайда оларға әлемдік ІЖӨ-нің тек қана 7,5 пайызы және әлемдік тауар ай­налымының 11 пайызы ғана келеді.

Жағдайдың бұлай қалыптасуы біз үшін мүлдем орынсыз деп санаймын.

Біздің ұйымға мүше әрбір мем­ле­кет­тің, тұтастай алғанда Умманың бәсе­ке­ге қабілеттілігін жоғарылату қажет.

Сондықтан ИКҰ-ға мүше мемле­кет­тер­дің экономикалық дамуы үшін ин­те­грациялық стратегия дайындауды ұсы­на­мыз.

Осыдан үш апта бұрын өткен Бү­кіләлемдік жетінші Ислам эконо­ми­ка­лық форумында мен бірқатар нақты ұсы­ныстар енгізсем, олар негізінен қа­былданды.

Атап айтқанда, он жетекші мұсылман экономикалық тобы үшін үнқатысу алаңын құруды ұсындым.

Ұйымға мүше 57 мемлекеттің тек 10-ы ғана мұсылман елдері қоғам­дас­тығы өнімі жиынтығының 80 пайызын шығарады.

ИКҰ шеңберінде азық-түлік бой­ын­ша өзара көмек көрсету жүйесін жөнге қойған жөн. Өйткені, бұл күн өткен сай­ын үлкен проблемаға айналу үс­тін­де. Ал азық-түлік жетіспеушілігі бү­гін­гі таңда үлкен мәселеге айналып отыр­са, мүдделі елдерде оның пулын ұй­ым­дастырған ұтымды болмақ. Біз ондай ұйымның штаб-пәтерін азық-түлік ре­сур­сын экспорттайтын мемлекет ретінде Қазақстанда орналастыруға дайын­быз.

Бүгінде энергетикаға ауқымды ин­вес­тициялардың маңызы өте жоғары.

Халықаралық энергетикалық агент­тік­тің бағалауынша, 2030 жылға дейін энергия қуатын өндіру және тасы­мал­дау үшін 17 триллион АҚШ долларын шы­ғындау қажет болады.

Біздің еліміз «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша «Экспо-2017» бү­кіл­әлемдік көрмесін өткізуге өз кан­дидатурасын ұсынды.

ИКҰ-ға қатысушы мемлекеттер та­рапынан біздің бастамашылдығымыз қол­дауға ие болады және ұйым мү­ше­лері ұсынылған тақырыпты талқылауға белсене қатысады деп үміттенемін.

Мұсылман елдері проблемасын ше­шуге іштен келу қажеттігіне сенімдімін.

Ислам әлеміне дамудың шикізаттық бағытынан индустриялық-иннова­ция­лық қырына қарай көшу қажет.

ИКҰ аясында энергетикалық салада инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық бойынша іс-әрекеттің бір­лескен жоспарын әзірлеп, қабыл­дау­ды, сондай-ақ Халықаралық иннова­ция­лық орталық құруды ұсынамын.

ИКҰ аясында шағын және орта бизнесті қолдау жүйесін қалыптастыру ісі маңызы зор басым бағыт болып табылады.

Біз Ислам даму банкі қасынан Ша­ғын және орта бизнестің арнаулы қо­рын құруды ұсынамыз.

Әлемдік экономикалық дағдарыс ислам қаржы-экономикалық моделінің тұрақтылығы мен өміршеңдігін айқын­дап берді.

Умма әлемге ұсына алатын пайдалы және тиімді өнімдердің бірі ислам қар­жыландыру жүйесі болып табылады.

Қазақстан өзінде Ислам банкін ашты.

Біз Қазақстанда ислам қаржы­лан­ды­руы мен өңірлерде исламдық қар­жы­ландыру құралдарының бенчмаркингін құруды белсенді түрде алға жыл­жытудамыз.

Ислам банкингі жөнінде халық­аралық конференция өткізуді, сондай-ақ Алматыны ислам қаржыландыруын қол­данатын өңірлік қаржы орталығы ре­тінде дамытуды ұсынамын. Бұл кон­фе­ренцияны да сонда өткізуге болар еді.

Ақыр аяғында ислам әлемі өзінің артықшылықтарының бірі — демо­гра­фия­лық өсім әлеуетін пайдаланып, оны тұрақты экономикалық дамудың ажы­ра­мас бір бөлігіне айналдыруы тиіс.

Халықаралық сарапшылардың баға­лауы бойынша 2030 жылы мұсылман әлемінде 2,2 миллиард адам өмір сү­ре­тін болады. Бұл — планета халқының төрттен бір бөлігі деген сөз.

Орасан зор адам ресурстары сайма-сай білім және ғылыммен қамтылуды қажет етеді.

Ислам өркениетінің қайта өрлеуіне қызмет етіп, жаңа идеялардың алға жыл­жуына қабілет танытатын интел­лек­туалдық элитаны тәрбиелеу біздің міндетіміз болуы тиіс.

Орта ғасырларда ислам әлемге математика, химия, астрономия, медицина, сәулеткерлік, философия мен поэзия са­лаларында ұлы жаңалықтар мен ашылуларды сыйлады.

Бағдад, Кордова, Толедо, Александрия секілді қалалар бүкіл әлемнің интеллектуалдық орталықтары болып табылды. Олар ғалымдар, әдебиетшілер мен кітап шығарушылардың ірі қауым­дастығын өздерінде шоғырландыра білді.

Мұсылмандар көрші елдердің қызы­ғу­шылығы мен таңданысын туын­да­т­қан қуатты интеллектуалдық өрке­ниет­ті құра алды.

Қайта өрлеу заманының қарсаңында христиандық Еуропа шығыс киімдерін киді және мұсылмандардың фило­со­фия­лық шығармаларын оқуды дәстүрге айналдырды.

Араб цифрлары мен есептеу жүйе­сінің пайда болуы математикада, алгебрада, геометрияда танымдық төңкеріске әкелді. Осының негізінде Еуропаның мұнан кейінгі гүлденуіне қызмет еткен оқы­тушылық жүйесі қалыптасып, сәу­леткерлік пен сауда дамыды.

Міне, осындай қуатты тарихи ірге­тасқа сүйене және бірлесе отырып біз ислам өркениетінің интеллектуалдық рөлін қайта жаңғыртуға міндеттіміз.

Мұсылман әлемінің интеллектуал­дық ұлылығы мен жасампаздық күш-қуаты неліктен жоғалғандығын зерттеп, түсінуіміз қажет.

Ислам елдері бай табиғи, адами, қаржылық ресурстарға ие бола отырып, неліктен әлемдік даму деңгейінде жоғарғы орындарға ие бола алмады?

Неліктен ислам университеттері әлем­дік жоғары білім жүйесінде өзде­рін көрсете алмай отыр?

Соңғы жиырма жылда мұсылман елдерінде жаратылыстану және техника­лық ғылымдар саласында әлемдік дең­гейдегі жаңалық ашулардың болмау сыры неде?

Бұл шындықты байқамаудың өзі мүмкін емес.

Әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатар­лы идеялардың пісіп-жетілуі мен жаңа­лық­тардың ашылуына ақша мен табиғи ресурстар емес, бірінші кезекте ин­тел­лектуалдық орта мен қоғамдық-саяси ахуалдың қажет болатындығы әбден айқын.

Бірқатар мұсылман мемлекеттер бүгіннің өзінде осы бағытта алға басып келеді. Оларда әлемдік деңгейдегі университеттер ашылуда.

Астанада ашылған Халықаралық Уни­верситет солардың бірі болып та­бы­лады. Мұнда инженерлік, жараты­лыс­тану-техникалық және гуманитар­лық мамандықтар бойынша әлемдік деңгейде білім берілуде.

Пайғамбар, оны Жаратқанның өзі жарылқасын, білімге бара жатқан адам Алланың жолына түседі деген жоқ па еді.

Құрметті достар!

ИКҰ жаһандық деңгейдегі жаңа ұсыныстарды әзірлеп, шешімдер қа­был­­­дау үдерісіне белсене қатысуы тиіс деп есептеймін.

G20 саммиттерінің жұмысына ИКҰ өкілдерінің қатысу мүмкіндігін қарас­тыруды ұсынамын.

Бұл «жиырмалықтың» өкілеттілігін арттырып, ИКҰ елдеріне халықаралық «күн тәртібіндегі» маңызды мәселелер жөнінде өздерінің топтастырылған ұс­та­нымын қорғауға мүмкіндік берген болар еді.

Халықаралық ынтымақтастықтың кү­шеюін жалпы мұсылмандық эконо­ми­калық интеграция мен өзара әре­кеттестікті дамытудың сапалы кезеңі деп есептейміз. Орталық Азия мен ын­тымақтастық жөніндегі ИКҰ әрекет­тестік жоспарының әзірленуі осыған жақсы мысал бола алады.

Ауғанстандағы тұрақсыздық біздің бәріміздің ортақ мазасыздануымызды туындатады.

Ұйымның өзі есірткі бизнесі мен күрес жөніндегі өзіндік мүмкіндіктерін толық пайдаланып отырмағандығын мойындауымыз керек. Соңғы он жылда ауған героинының өндірісі мен есірткі трафигі он есе өсті. Біз есірткі бизнесімен күресте және көптен бері зардап шегіп келе жатқан ауған халқына көмек көрсетуде өз мүмкіндіктерімізді толық пайдаланып отырғанымыз жоқ.

Ауғанстан жөніндегі ИКҰ арнаулы өкілінің қызметін белсенді етумен қатар ИКҰ аясында осы елге көмек көр­сету мәселесімен шұғылданатын ар­нау­лы жұмыс тобын құруды ұсынамын.

Жаһандық шақырулар алдында Ум­маның барлық мемлекеттерінің күш-жігерін біріктірудегі біздің ұйымның белсенділігі мен институттық рөлін күшейту қажет.

Дакарда 2008 жылы қабылданған ИКҰ жаңа Жарғысы бізді осыған ба­ғыттайды.

Ол ұйымды ИКҰ-ны реформалау мен жалпы жаңғырту контексінде жаңа сипаттама беруге, оның органдарының тиімділігін арттыруға шақырады.

Атап айтқанда, ИКҰ-ға тиімді орган — терең болжау-талдау жұмыстарын жүргізе алатын, мемлекет басшы­ла­ры­на ұйымның өз ішінде және бүкіл әлем бойынша оқиғалардың өрбу жағдайына байланысты мүмкін сценарийлер мен нұсқаларды ұсына алатын институт немесе орталық қажет.

Қазақстан бастамашылдығы бой­ын­ша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылуы азиялық континентте қауіп­сіз­дік пен ынтымақтастықтың көпжақты тамаша құралына айналды. Оған қа­ты­су­шы 24 мемлекеттің 15-і ИКҰ мүше­лері болып табылады.

Біздің жалпы күш жұмсауымыздың арқасында ИКҰ-ның АӨСШК, ЕҚЫҰ, ШЫҰ-мен үнқатысуының негізі ор­нықты.

Біз оны одан әрі дамытуға барлық жағынан ықпал етуге ниеттіміз.

Қазақстанның бүкіл әлем бойынша қуаттылығы жөнінен төртінші ракета­лық-ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей ядролық полигонын жап­қандығы, ядролық қарудан тыс ор­талық-азиялық аймақты құрудың белсенді қатысушысына айналғандығы өз­деріңізге белгілі.

Мен өз халқымның атынан Қазақ­стан Президенті ретінде Сіздерді Таяу Шығыста ядролық қарулардан тыс ай­мақты құруға, ал болашақта ядролық қарусыз жаһанды қалыптастыру ісіне белсене қатысуға шақырамын.

Халықаралық лаңкестік, ең алдымен, мұсылман әлеміне үлкен қатер төн­діруде.

Бізге ислам мемлекеттерінің осы қа­терге қарсы тұратын сайма-сай тәсіл­де­рін ынтымақтаса отырып әзірлеу қажет.

Палестиналықтардың өз мемлекетін құру жөніндегі заңды құқықтарының жүзеге аспауы, Шығыс Иерусалим мәртебесі туралы мәселенің шешімсіздігі, босқындардың ауыр жағдайы тек Таяу Шығыста ғана емес, сонымен қа­тар, одан шеткері аймақтарда да күр­де­лі жағдайдың қалыптасу көзі болып отыр.

Біз өңірде БҰҰ қарарымен сәйкес бейбіт реттеу жөніндегі бастама­шыл­дықты қолдаймыз.

Қазақстан ИКҰ-ға күрделі кезеңде төрағалық етіп отыр. Жиырма бірінші жүзжылдықтың басында ислам әлемі елеулі әлеуметтік-экономикалық проб­ле­маларға және саяси сілкіністерге тап келіп отыр.

Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада орын алған оқиғаларға сұрып­тау жасау барысында бұл сілкіністердің басты себебі бұл елдердегі шешілмеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар болып отырғандығын көрсетеді.

Қазақстан тәуелсіздік алған кезең­нен бастап халықтың әл-ауқатын көте­ру­дің басты тұғыры экономикалық даму екендігіне басымдық берді және біз дұрыс қадам жасадық. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы ішінде жан басына шақ­қан­дағы ІЖӨ 12 еседен астам өсіп, 10 мың долларды құрап отыр.

Біз жақын арадағы 5 жыл мерзім ішінде бұл көрсеткішті бір адамға шақ­қанда 15 мың долларға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл алынатын меже.

Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақ­стандықтардың табысы 17 есе өсті.

Міне, осындай жетістіктердің арқа­сын­да жыл сайын біздің бірнеше мил­лиондаған азаматтарымыз шетелдерде демалуға мүмкіндік алады, 30 мыңнан астам жас қазақстандықтар шетел­дер­дің алдыңғы қатарлы беделді оқу ор­ын­дарында дәріс алуға мүмкіндік алды.

Жаһандық дағдарыстың ауыр кезе­ңінде Қазақстанда жұмыссыздық өскен жоқ, керісінше, төмендеді.

Тарих үшін қас-қағым сәт болып саналатын 10 жыл ішінде, бүгін өздеріңіз қонақ болып отырған жаңа астана — Астана қаласы салынды.

Экономикаға басымдық беру бізді тиімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдағы рухани келісім және саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге әкелді.

Ислам үдерістерін қайта пайымдау және сақтау, қоғамды модернизациялау — міне, біздің даму жолымыздың траекториясы осындай.

Қазақстан мұсылман тұрғындары ба­сым болып саналатын зайырлы мемлекет.

Біз барлық мұсылмандардың бір-біріне және өзге діннің барлығына деген төзімділігі, байыптылығы және та­ным­­дылығы негізінде бірігуін жақ­тай­мыз.

Біз мәдени-діни дәстүрлерді және әртүрлі этностардың ерекшеліктерін сақтай отырып, әлеуметтік-экономика­лық жаңғыруға және халықтың әлеуе­тін одан әрі көтеруге бірінші кезекте басымдық береміз.

Мұсылман мемлекеттері неғұрлым табысты болса, солғұрлым әлемде Ислам бейнесі тартымды болмақ.

Әлемдік саясаттың өте күрделі проб­ле­маларының бірі мұсылман әле­мі­­нің басқа әлеммен, бірінші кезекте Батыспен күрделі қарым-қатынасы бо­лып отыр.

Мұсылман әлемінің бүгінде батыс­тық пайым бойынша бірінші кезекте радикалды бөлігі басымдылық алып, әлем жұртшылығы көзқарасы бойынша негізсіз үрей туғызады.

Бұл ретте исламның бірінші кезекте жалпы адамзаттық құндылықтарды адамгершілік, төзімділік және әділет­тілік қасиеттерді насихаттайтындығын атап көрсету керек.

Ислам дінінің негізгі тұғыры экс­тремистікті, оның ішінде діни таным­дар­ды жамылатын лаңкестік құрылым­дар­мен ешқандай байланысы жоқ.

Лаңкестіктің салдарынан ең бірінші ислам мемлекеттерінің азаматтары зардап шегетіндігі белгілі.

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде былай делінеді: «Дін — зор­лық-зомбылықтан бас тарту. Ешқандай мұ­сылман баласы зорлық-зомбылықты қолдауға тиісті емес».

Біздің алдымызда екі өте маңызды міндет тұр.

Бірінші — саяси идеология ретінде діни фундаментализмге қарсы тұруды үйрену.

Біз Исламның саяси зорлық-зом­былықпен, экстремизммен және лаң­кес­тікпен ешқандай байланысы жоқ екен­дігін үзілді-кесілді мәлімдеуге тиістіміз.

Бүкіләлемдік Жетінші Ислам эконо­микалық форумында мен біртұтас ме­диялық ислам жобасын жасау жөнінде ұсыныс жасадым.

Қазір осы жобаға қарсы Интернетте «жаңа медиялық» қуатты қарсылықтар қарқын алуда.

Осыған байланысты мен мұсыл­ман­дық рухани құндылықтарды тарататын, жастардың Ислам діні мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын, біздің ұйымымыздың қызметін наси­хат­тайтын е-ISLAM Интернет-ре­сурсын құруды ұсынамын.

Екінші міндет — Мұсылман әлемі және Батыс әлемі арасындағы ашық және әділетті үнқатысуды барынша жандандыру керек.

Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы міне, осы игілікті мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған.

2008 жылы Астанада бірінші рет Мұ­сыл­ман әлемі мен Батыстың сыртқы істер министрлерінің Конференциясы өткізілді.

Бізге Батыс және Умма мемлекеттері арасындағы өзара түсіністікті терең­де­ту жөніндегі үнқатысу үшін 60-тан астам мемлекет пен халықаралық ұй­ым­ның өкілдерін жинауға мүмкіндік туды. Менің ойымша, ресми тұлға­лар­дың осындай үнқатысуын өткізуді жалғастыру қажет.

Қасиетті Құранда мұсылман емес адамдармен пікірталас және үнқатысу негізін жүргізу туралы былай делінеді: «Жаратқанның қасиетті жолына ғұла­ма­лықпен және ізгі ісіңмен баста және олармен болатын пікірталасты ізгілікпен жалғастыр».

Бұл әртүрлі пиғылдағы экстре­мис­тердің әлемде өзара жаулық дәнін сеуіп, «өркениеттер қақтығысы» деген текетіреске тартып жатқан кезеңде ерекше маңызды болып табылады.

Бұл негізінен дұрыс емес және құрдымға апаратын себеп.

Христиан және мұсылман өрке­ниетінің қақтығысына бізді итермелейтін бұл пиғыл біздің планетамыздағы тіршілікті жойып жіберуге әкеліп соға­тындығы әбден мүмкін.

Неліктен бұл барлығымызды тоқ­тата алмайды?

Осы сұрақ төңірегіндегі салиқалы ой бізді бейбітшілікті және өзара түсі­ністікті қалыптастыруға итермелеуге тиіс.

Тарихи тұрғыдан ислам, христиан және иудаизм өзара бір-бірімен жақын, біздің діндеріміз өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады.

Біз бір ғана Құдайды мойындаймыз, біздің діндерімізде бір ғана ыбырайым­дылық — абрамдық негіз бар.

Біз «өркениеттер қақтығысының» ор­нына «өркениеттер бірлестігін» ұсы­намыз.

Біз өзара қақтығыстың орнына бар­лық әлем еститіндей мұсылман және христиан әлемі арасындағы ашық та әділетті үнқатысуға шақырамыз.

Мұндай қадам Умма тарапынан Ис­ламға деген құрмет пен сенімділікті арттырады.

Қазақстанда мұсылман мешіттерінің мұнаралары, христиан храмдары мен иудейлік синагогалардың күмбездері бей­біт қатар өмір сүреді, сіздердің олар­ға баруға және көруге мүм­кін­діктеріңіз бар. Бізде 130-дан астам эт­нос­тың өкілдері бейбіт қатар өмір сүреді.

Бұл іс жүзінде біздің еліміздің бейбітшілік және толеранттылықты наси­хат­тауға қосқан үлесі болып табылады.

Қазақстан өткен жылы ең ірі еуро­атлантикалық ұйым ЕҚЫҰ-ға төраға­лығын аяқтады.

Осы Астанада, нақ өзіміз отырған осы залда 11 жыл үзілістен кейін алғаш рет осы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтті.

Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыздың мүмкіндіктерін ИКҰ шеңберіндегі бай­ла­ныстарды кеңейтуге, мұсылман әлемі мен Батыстың түсіністігін тереңдетуге, Орталық Азия проблемалары мен сұраныстарына Еуропа мен АҚШ-тың назарын аударуға пайдаландық.

ЕҚЫҰ-ға төрағалығының бай тәжі­рибесін пайдалана отырып, Қазақстан ИКҰ министрлік конференциясын бас­қар­ғанда біздің ұйымымыздың кез келген проблемаларын шешу жолындағы жан-жақты үнқатысу алаңын дайын­дауға дайын.

Бізде Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің қалыптасқан әлеуетін пайдалану жөніндегі жақсы мүмкіндіктер бар.

Кезекті төртінші Съезд Астанада 2012 жылы өтеді.

Біздің әңгімемізді жалғастыру үшін құрметті дін өкілдерін оған қатысуға шақырамын.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Астаналық үнқатысу алаңы Батыста сол сияқты Шығыста да болып жатқан көп реттегі конфессияаралық қақты­ғыстардың алдын алуға және оларды шешуге ыңғайлы мүмкіндік береді.

Құрметті достар!

Сөз соңында бүгінгі Форум мұсыл­ман әлеміндегі қауіпсіздік пен есендікті нығайтуға лайықты үлесін қосады деп сенім білдіремін.

Бүгін қазақ жерінде Ұйымды жа­ңаша Ислам Ынтымақтастық Ұйымы деп атай бастау — біздің жаңаруы­мыз­дың, бірлігі­міз­дің және үмбеттің бәсе­кеге қабілет­тілігінің символы болады деп сенемін.

Біздің Ұйым халықаралық «күн тәртібін» қалыптастыруға белсендірек қатысады деп үміт артамын.

Қазақстанның Ұйымға төрағалығы «Бейбітшілік, Ынтымақтастық және Даму» ұраны аясында өтуі бекер емес.

Осы үш өлшем бойынша біршама жетістіктерге қол жеткізген біздің еліміз Ислам Ынтымақтастық Ұйымы беделінің арта түсуіне күш салады.

Сессиядағы жұмыстарыңызға сәтті­лік және табыс тілеймін!

Соңғы жаңалықтар