«Нанның бәрі қоқыста жатады»: Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нанның бәрі қоқыста жатады»: Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды

«Нанның бәрі қоқыста жатады»: Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды

Депутат мұндай бағаны халықтың қалтасы көтереді деп ойлайтынын да айтты.

  • 26 Сәуiр
  • 12501
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ауылшаруашылығы өнімдері қымбаттаса ауылдың да жағдайы жақсарады.

«Шынымды айтайын, нан өте арзан. Нанның құны 500 теңгеден кем болмауы тиіс. Мен өзім ауылшаруашылық тауарын өндірушімін. Менің бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр», – дейді Мейрамбек Дөненбаев.

Депутат мұндай бағаны халықтың қалтасы көтереді деп ойлайтынын да айтты,

«Көтереді, әбден көтереді. Қазір кез келген тойханада, кез келген қоқыста тек нан жатады. Өзім нанды 110-120 теңгеден алып жүрмін, сүтті 300-350 теңгеге аламын», – дейді Мейрамбек Дөненбаев.

Депутаттың өзге әріптестері бұл пікірмен үзілді-кесілді келіспейді. Олардың айтуынша, нан бағасын 500 теңгеге дейін көтеру халықтың қалтасына тым қымбатқа түспек.