«Нақұрыспен кешкі ас» - Павлодардың Чехов атындағы театрының маусымдағы соңғы премьерасы - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нақұрыспен кешкі ас» - Павлодардың Чехов атындағы театрының маусымдағы соңғы премьерасы

«Нақұрыспен кешкі ас» - Павлодардың Чехов атындағы театрының маусымдағы соңғы премьерасы

Павлодардың Чехов атындағы театры көрермендерін «Нақұрыспен кешкі асқа» шақырды.

  • 13 Маусым 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz

Танымал француз сценарисі және кинорежиссері Франсис Вебердің пьесасы бойынша жазылған қойылымның премьерасы чеховшылардың 67-нші театрлық маусымын аяқтады.

Пьеса сюжеті күрделі емес — өздерін көңілдендіріп, қонақтарын күлдірту үшін комедия кейіпкері кешкі асқа нақұрысты шақырады. Алайда, оның барысында кімнің «ақылды», ал кімнің «нақұрыс» екенін түсіну қиын болмайды.

Өзгелерді қалжынға қосуды ұнататындар қойылымда сатиралық бояулармен көрсетілген, спектальді қоюшы мәскеулік режиссер Игорь Меркулов «ақылдылардың» жағында емес. Тәкаппарлық, екіжүзділік олардың кемістігі болды және болып қала береді, ал қарапайым нақұрыстарға халық әрқашан аяушылық білдіреді.

Қойылымда труппаның жетекші актерлері — Эдуард Кокорев, Роман Шарипов, Денис Шмигель ойнайды.

Перейти к новостям спорта