«Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Көбейсіновке «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Көбейсіновке «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағы берілді

«Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Көбейсіновке «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағы берілді

«Нарын» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Кәкен Көбейсіновке «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

  • 24 Маусым 2011
  • 715
Фото - Caravan.kz

Кеңес одағы кезінде халықтық бақылау органдарында жемісті қызмет атқарған К.Көбейсінов жиырма жылға жуық уақыт бойы «Нарын» қозғалысына басшылық етіп, Капустин Яр, «Азғыр» әскери полигондарында жасалған сынақ зардабын тартқан жергілікті халық мәселесін ұдайы көтеріп келеді. Соның нәтижесінде әскери сынақтардан зардап шеккен тұрғындар үшін арнайы бағдарлама қабылданып, әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың айтуынша, осы аудан орталығында ауданаралық сауықтыру орталығының ашылуына да Кәкен Көбейсінов ұйытқы болды.

Биыл сексен жасқа толатын К.Көбейсінов осындай қызметі үшін бұдан бұрын Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарының құрметті азаматы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар