Caravan Logo

НАСА Марсқа ұшатын астронавттарды іріктеуді бастады

НАСА Марсқа ұшатын астронавттарды іріктеуді бастады


Бұл жобаға тек АҚШ-тың бакалаврдан жоғары білім алған азаматтары ғана қатыса алады, олар инженерлер, математиктер, физиктар, биологтар ғана болуы тиіс. Оған қоса, олардың ұшақ басқаруда кем дегенде үш жыл жоғары тәжірибесі болуы керек.

Жоба аясында Orion кемесінде ұшу-жаттығулар өткізетін астронавттарды іріктеу өткізіледі. АҚШ адамдардың Қызыл ғаламшарға ұшуын дәл осындай кемеде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Іріктеуден өтетін астронавттар әзірге Марсқа ұшпайды, басқарылатын Orion кемесінде зерттеулерге қатысады, оларға 2020 жылы кірісу жоспарланып отыр. НАСА сондай-ақ өте қажет қызметкерлерді жұмысқа ала бастайды. Алдағы уақытта жаңа қызметкерлер SpaceX және Boeing екі басқарылатын кемемен ХҒС-ға ұшып барады.