Болашақта Марста тұрғызылатын барлық үйлер мен түрлі мақсаттағы құрылымдар қатаң жағдайларға төзе алатындай болып салынуы тиіс. Байқауға қатысқан жобаларға қатысты қойылған талап осындай болды. Мамандар ғимараттар 3D басып шығару заманауи технологияларының көмегімен салынатынын айтты.
Атап өту керек, «Mars One» жеке жобасында 2027 жылы Марсқа адамдарды көшіру қарастырылған. Яғни 12 жылдан соң планетаға алғашқы адамдар қоныстана бастайды. Ұшу тек біржақты болады. Яғни, экспедицияға қатысушылар Жерге оралмайды деп жоспарланған.