Жарияланды: 420

Нашақорлықтан емдеу орталығының бұрынғы бастығы үстінен қылмыстық іс қозғалды

Павлодардағы нашақорлықтан емдеу орталығының бұрынғы директорына қатысты дау жаңа қарқын алды. Былтыр үкіметтік емес ұйым басшысынан пара алып жатқан жерінде құрықталған Нұрлан Ережепов көп ұзамай сүттен ақ, судан таза болып шыққан еді. Енді араға жыл салып, емдеу мекемесінің бұрынғы бастығы үстінен ақыры қылмыстық іс қозғалды.

Өткен жылдың басында үкіметтік емес ұйым басшысы Сергей Молчанов Еуроодақтың медицина саласы бойынша жариялаған байқаудың грантын ұтып алып, 158 мың еуроның жобасын іске асыру үшін Нұрлан Ережеповке жүгінген екен. Алайда ол 3 мың еуро пара талап еткен. Таңбаланған ақшаның бір бөлігі Ережеповтың кабинетінен, қалғаны үйінен тәркіленді. Солай бола тұра, орталық бастығы қамауға алынбады. Қылмыстық іс те қозғалған жоқ. Тіпті, қаржы полициясындағылар баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, тілшілерге «бұл пара емес, Ережеповтың тиісті айлығы» деп сендіруге тырысқан-ды. Енді бір жылдан соң Сергей Молчановқа Бас прокуратурадан жауап келіп отыр. Ондағылар айғақтарды зерттей келе пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауға барлық негіз бар деп шешіпті.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін