"National Geographic" журналының басты бетіне шыққан "ауған қызын" кепілге босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"National Geographic" журналының басты бетіне шыққан "ауған қызын" кепілге босатты

"National Geographic" журналының басты бетіне шыққан "ауған қызын" кепілге босатты

Пәкістан билігі "National Geographic" журналының басты бетіне шығып, әлемге танылған "ауған қызын" кепілге босату туралы шешім қабылдады.

  • 31 Қазан 2016
  • 589
Фото - Caravan.kz

Пәкістанның ішкі істер министрі Чоудри Нисар Әлиханның мәлімдеуінше: "Менің ойымша, біз оның жағдайына адамгершілік тұрғысынан қарауымыз керек, өйткені ол — әйел".

Бірақ оған тағылған айыптар алынбайды. "Біз оны жер аударып немесе елден шығуға құқық беретін уақытша виза бере алмаймыз. Әйтпеген жағдайда біз оған жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкерлерге қарсы қылмыстық істі жабуымыз керек. Біз олай жасай алмаймыз".

Пәкістан билігі "ауған қызы" — Шарбат Гуланы — жалған төлқұжат қолданғаны үшін ұстады.

Гула 1985 жылы жазда "National Geographic"​ журналының Пешавардағы ауған босқындарының лагерінде дайындалған репортаждан соң әйгілі болды. Гула тұратын пуштун ауылы совет әуе күштерінің соққысына ұшырады, Шәрбаттың әке-шешесі сол шабуылда қаза тапты. Гуланың суреті Ауғанстанға совет әскерінің басып кіруінен зардап шеккен босқындардың бейнесіне айналды.