Жарияланды: 390

НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады

Дүйсенбі күні Ауғанстандағы НАТО басқармасы елдің оңтүстігіндегі әскери операция кезінде бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты кешірім өтінді.

Генерал Джон Туланның қысқаша мәлімдемесінде: «Коалицияның, Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Петреустің атынан 28-мамыр күні Гильменд провинциясындағы Новзад округінде бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты кешірім сұраймын», - деп атап көрсетілген. Сенбі күні альянс күштері Гильмендтегі екі үйді әуеден соққылаған. Кейін ол үйлерде содырлар емес, бейбіт тұрғындар болғаны анықталды. белгілі болды. НАТО тоғыз адам қаза тапты десе, жергілікті билік 14 адам көз жұмғанын айтады. Оның 10-ы балалар көрінеді. Ауғанстан президенті Хамид Карзай шетелдік әскерилерді алдағы уақытта ауған билігімен келісе отырып әрекет етуге шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін