НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады

НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады

Дүйсенбі күні Ауғанстандағы НАТО басқармасы елдің оңтүстігіндегі әскери операция кезінде бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты кешірім өтінді.

  • 30 Мамыр 2011
  • 380
Фото - Caravan.kz

Генерал Джон Туланның қысқаша мәлімдемесінде: «Коалицияның, Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Петреустің атынан 28-мамыр күні Гильменд провинциясындағы Новзад округінде бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты кешірім сұраймын», — деп атап көрсетілген.

Сенбі күні альянс күштері Гильмендтегі екі үйді әуеден соққылаған.
Кейін ол үйлерде содырлар емес, бейбіт тұрғындар болғаны анықталды. белгілі болды. НАТО тоғыз адам қаза тапты десе, жергілікті билік 14 адам көз жұмғанын айтады. Оның 10-ы балалар көрінеді. Ауғанстан президенті Хамид Карзай шетелдік әскерилерді алдағы уақытта ауған билігімен келісе отырып әрекет етуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар