НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады

НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады

НАТО Ауғанстаннан кешірім сұрады. Өткен демалыс күндері елдің оңтүстігінде әскери шара жүргізген әскери альянс 14 бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Олардың басым көпшілігі балалар еді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 317
Фото - Caravan.kz


Сенбі күні НАТО әскери күштері «содырлар жасырынған» деген желеумен Гильменд провинциясындағы екі үйге шабуыл жасап, бомбалап кеткен болатын. Кейіннен анықталғанындай, бітімгерлік күштер нысанға алған ғимараттардың ішінде содырлар емес, бейбіт тұрғындар болған. Ауған билігінің хабарлауынша, оқиға орнында бірден 12 бала мен  екіәйел көз жұмды. Дегенмен НАТО қолбасшылары қаза тапқандар саны «9-дан аспайды»деп отыр. Оқиға орнында тексеру жүргізу үшін әскери альянс арнайы комиссия жолдады. Осы тұста Ауғанстан президенті Хамид Карзай орын алған оқиғаны сынап, АҚШ-тан бейбіт тұрғындарды қырып жатқан әскери жорықтарын тоқтатуды талап етіп, бұл соңғы ескерту екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар