НАТО басшылығы Брюссельде Ливия оппозициясымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО басшылығы Брюссельде Ливия оппозициясымен кездесті

НАТО басшылығы Брюссельде Ливия оппозициясымен кездесті

Бүгін Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен кеңестің атқарушы комитетінің жетекшісі Махмуд Джибрил бастаған Ливия оппозициялық Өтпелі ұлттық кеңесінің делегациясымен кездесу өткізді,

  • 13 Шiлде 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды НАТО-ның баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысы бойынша А.Расмуссеннің хабарлағанындай, НАТО-ның одақтастары мен әріптестері Ливия оппозициясының өкілдерін «Біріккен қорғаушы» әскери операциясының барысы туралы хабардар етті. Өз кезегінде Ливия оппозициялық Өтпелі ұлттық кеңесінің мүшелері Альянсқа миссияның гуманитарлық құрамдасы үшін алғысын айтып, демократия, заңның үстемдік құруы мен адам құқықтарының құрметтелуіне негізделетін өз елінің болашағы туралы ойларымен бөлісті.

«Біз үш мәселе бойынша келістік. Біріншіден, НАТО-ның азаматтарды қорғау жөніндегі операциясы жалғасын табуы керек. М.Каддафи күші әлі күнге дейін күнәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіруде. Осы қауіп сейілмейінше біз күресетін боламыз. Екіншіден, М.Каддафи режимі сайланбалы өкімет өкілеттілігін жоғалтты. Үшіншіден, шиеленістің ливиялықтар бастаған және халықаралық қоғамдыстықтың қолдауымен саяси шешімі қабылдануы керек. Шешім шығаратын кез келді», — деді НАТО-ның Бас хатшысы.

Соңғы жаңалықтар