НАТО Ливиядағы әскери миссияны тағы үш айға ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО Ливиядағы әскери миссияны тағы үш айға ұзартты

НАТО Ливиядағы әскери миссияны тағы үш айға ұзартты

Солтүстiк-атлантика одағы Ливиядағы әскери операцияны 90 күнге, яғни 2011 жылдың қыркүйегінің соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады,

  • 2 Маусым 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды РБК.

«Бұл шешім Муаммар Каддафи режиміне нақты белгі болмақ: біз Ливия халқын қорғау жолындағы миссиямызды жалғастыруға бел буып отырмыз», — делінеді одақ баспасөз қызметі жариялаған НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдемесінде. Өткен миссия іс-қимылының мерзімі үш айға — 2011 жылдың 31 наурызынан 30 маусымына дейін белгіленген еді.

НАТО 2011 жылдың 31 наурызында Ливиядағы әскери операцияға басшылықты ресми түрде өз мойнына алды. Ливияда «Біріккен қорғаушы» (Unified Protector ) операциясын өткізу және азаматтық халықты М.Каддафи режимінен құтқару жұмыстарын 90 күн жүргізуді одақ мүшелері мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар