НАТО Триполиге кезекті соққы жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО Триполиге кезекті соққы жасады

НАТО Триполиге кезекті соққы жасады

НАТО әуе күштері Ливияның астанасы Триполиге кезекті соққы жасады, деп хабарлады Утро.ру.

  • 15 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Қаланың шығысындағы халқы тығыз шоғырланған квартал бомбылауға ұшырады. Бас кезінде екі жарылыс болып, оның арты күшті өртке ұласты. НАТО өкілдерінің айтуынша, нысанаға астананың шығысында орналасқан зениттік қаруы бар бронетранспортер мен зымыран ұшыру құрылғысы алынды. Бірақ, жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, атыс салдарынан тағы да бейбіт тұрғындар зардап шекті.

Сонымен қатар, қаланың өзге де бөліктерінде қақтығыстар орын алып жатқаны туралы ақпараттар түсуде. НАТО шабуылына елдің орталық бөлігіндегі Эль-Джуфра қаласы да ұшырады, оның үстіне соққылар әскери нысандарға да, бейбіт нысандарға да жасалуда. Бұл рейд барысында да бейбіт ливиялықтар зардап шегіп, инфрақұрылымға елеулі залал келтірілді.

Соңғы жаңалықтар