НАТО Түркияда «Patriot» ракеталық жүйелерін орналастыруды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО  Түркияда «Patriot» ракеталық жүйелерін орналастыруды мақұлдады

НАТО Түркияда «Patriot» ракеталық жүйелерін орналастыруды мақұлдады

НАТО кеңесі Сирия тарапынан болуы мүмкін әуе соққыларынан түркия халқын қорғау үшін Түркия мен Сирияның шекарасында «Patriot» зенитті-ракеталық кешендерін орналастыруды мақұлдады.

  • 5 Желтоқсан 2012
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Брюселльде өткен НАТО Кеңесі отырысының бірінші күнінің қорытындысы бойынша Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен хабарлады.

«Біз сіздерді және сіздердің аумақтарыңызды қорғауға бекініп отырмыз. Түркияға шабуыл жасағысы келетіндерге бұл туралы ойлануға да кеңес бермейміз», — деді А.Расмуссен.

Түрік-сирия шекарасында «Patriot» ракеталық батареялары Германия, Нидерландия және АҚШ-пен ұсынылады деп болжануда. Бұл жүйелер НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының жедел басқаруында болады.

НАТО штаб пәтерінде мәлім етілгендей, Түркияда «Patriot» батереясын орналастыру тек қорғану әрекетінде жасалуда, олар ұшақсыз аймақты қолдауға немесе шабуыл жасауға бағытталмайды.

Перейти к новостям спорта