НАТО-дағы Қазақстан өкілі Расмуссенге сенім грамоталарын табыс етті
Брюсселде Қазақстан елшісі Алмаз Хамзаев НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенге сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлады бейсенбіде республиканың СІМ баспасөз қызметінен. |
"Әңгіме барысында қазақстандық миссияның жаңадан тағайындалған жетекшісі және Ұйымның бас хатшысы Қазақстан мен Солтүстікатлантикалық альянс арасындағы әріптестіктің жағдайы мен келешегін, оның ішінде әскери өз ара ықпалдастықты талқылады», делінген СІМ хабарламасында.
Алдында хабарланғандай, Қазақстанның Бельгиядағы елшісі А.Хамзаев қараша айында республиканың Люксембургтегі елшісі және қоса Еуропалық одақ пен НАТО-дағы Қазақстан өкілдігінің жетекшісі болып тағайындалған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін