«Әңгіме барысында қазақстандық миссияның жаңадан тағайындалған жетекшісі және Ұйымның бас хатшысы Қазақстан мен Солтүстікатлантикалық альянс арасындағы әріптестіктің жағдайы мен келешегін, оның ішінде әскери өз ара ықпалдастықты талқылады», делінген СІМ хабарламасында.
Алдында хабарланғандай, Қазақстанның Бельгиядағы елшісі А.Хамзаев қараша айында республиканың Люксембургтегі елшісі және қоса Еуропалық одақ пен НАТО-дағы Қазақстан өкілдігінің жетекшісі болып тағайындалған.