НАТО-ның "Бейбітшілік үшінгі әріптестік" бағдарламасы бойынша Қазақстанның серіктесі болып табылатын АҚШ-ның Аризона штатының өкілдері елімізге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАТО-ның "Бейбітшілік үшінгі әріптестік" бағдарламасы бойынша Қазақстанның серіктесі болып табылатын АҚШ-ның Аризона штатының өкілдері елімізге келді

НАТО-ның "Бейбітшілік үшінгі әріптестік" бағдарламасы бойынша Қазақстанның серіктесі болып табылатын АҚШ-ның Аризона штатының өкілдері елімізге келді

НАТО-ның "Бейбітшілік үшінгі әріптестік" бағдарламасы бойынша Қазақстанның серіктесі болып табылатын АҚШ-ның Аризона штатының өкілдері ресми сапармен елімізге келді. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен бүгін, 22-қаңтарда таратылған хабарламада айтылған. АҚШ өкілдерін штаттың ұлттық гвардиясының қолбасшысы генерал Давид Ратачак басқарады.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 1093
Фото - Caravan.kz

АҚШ өкілдері сапарының басты мақсаты «Бейбітшілік үшінгі әріптестік» бағдарламасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты қорытындылау және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ондай оқиғалардың зардаптарын жою саласындағы әріптестіктің келешегі бар бағыттарын айқындау болып табылады.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес 22-қаңтарда аталмыш агенттік төрағасы Заманбек Нұрқаділов Аризона Ұлттық гвардиясының өкілдерін қабылдады. Сапар барысында өкілдер ҚР қорғаныс министрлігі мен ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің басшыларымен ресми кездесулер өткізеді.
Аризона Ұлттық гвардиясы 8 жылдан бері ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің әріптесі болып табылады. Ынтымақтастық аясында ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің 50-ден астам қызметкері төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған түрлі халықаралық шараларға қатысып, оқудан өтті. Аризона Ұлттық гвардиясы мен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бірлескен шарасы ретінде 1999-жылы Алматыда өткен жер сілкінісі жағдайындағы шаралар туралы халықаралық жаттығу-семинарды атауға болады.