Науқас өліп қала жаздаған. Атышулы видео түсірген шымкенттік жедел жәрдем дәрігері қызметінен кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Науқас өліп қала жаздаған. Атышулы видео түсірген шымкенттік жедел жәрдем дәрігері қызметінен кетті (ВИДЕО)

Науқас өліп қала жаздаған. Атышулы видео түсірген шымкенттік жедел жәрдем дәрігері қызметінен кетті (ВИДЕО)

Аурухана қақпасын видеоға түсіріп, Желіде жариялаған шымкенттік дәрігер Арман Хамзин жедел жәрдем қызметі станциясында енді жұмыс істемейді.

  • 1 Шiлде 2020
  • 169
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. Мәліметті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі де растады.

Бірақ әкімдіктегілер дәрігердің нақты қандай себептер бойынша жұмыс істемейтінін айтпайды. Өз еркімен кетті ме немесе оны қуып жіберді ме — белгісіз.

Еске салайық, мұның алдында Арман Хамзин жедел жәрдем каретасын видеоға түсірген болатын. Онда дәрігер ауыр науқастардың көлікте жатқанын, алайда оларды медициналық мекемеге ешкімнің қабылдамай жатқанын айтқан еді.

"Мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерімін, пневмониямен ауырған ауыр науқасты әкеле жатырмын. Бірде-бір стационар оны қабылдамайды, орын жоқ. Енді не істеу керек? Кеше біздің бригаданың машинасында екі адам қайтыс болды. Осыған назар аударыңыз. Мен енді басқа қайда бару керегін білмеймін", — дейді автор Facebook желісінде жарияланған бейнероликте.


 

 

Соңғы жаңалықтар