Науқастарды мектепке емес, мешітке жатқызайық - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Науқастарды мектепке емес, мешітке жатқызайық - Айгүл Орынбек

Науқастарды мектепке емес, мешітке жатқызайық - Айгүл Орынбек

Індет жұқтырғандар саны күн санап өсуде. Осы тұрғыда белгілі заңгер, блогер Айгүл Орынбек науқастарды мешіттерге жатқызу керегін айтты. 

  • 1 Шiлде 2020
  • 3529
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Мектепке емес мешіттерге жатқызайық науқастарды!

Мешіт Алланың үйі!
Елге жұт келгенде Алланың үйін қорған, пана қылу керек!
Халықтың көбісі мектептерге қабылдауға қарсы болып жатыр, балалар болашағы үшін!
Бірақ вирустың таралып жатқан жылдамдығы өте тез!
Ауруханаларды 200 орындық қылып саламыз, ал мешіттерге келгенде он мың орынға дейін саламыз!
Ал енді осыларды халықтың пайдасы үшін тиімді пайдаланайық!
Шымкент қаласындағы он мың орындық үлкен мешіттің өзі қаншама адам өмірін сақтап қалады!
Сарағаштағы Сманов қарайтын 9000 орындық мешітті де солай жасаумыз керек!
Елдің басына күн туғанда Алланың үйі халыққа қорған болсын!", деп жазды желідегі парақшасында. 

"Осындай теріс сөздер не керек. Дін мен мешітті жәй қалдырмайсыз ба осы. Қонақ үйлер мен жатаханалар жетіп артылады", "Жанашырлықтан көрі дінге тиісу көріп тұрмын. Ешкім ренжімесін. Әсіресе Айгүл", "Мақтаған қыз тойда осырады дегендей, Әу айналайын Айгүлжан неге Мешітке қадалып қалдың, Мешіт Алланың үйі екенін ұмытпағаның абзал", "Шіркеуге жатқызса қалай болар екен, Айгүл ханым? Неге "мешіт", "Дін" деп тиісе беретініңізді түсінбеймін. Ала алмай жүрген өшіңіз бар ма, мешіттерден?", "Мешіттерді өкімет тұрғызған жоқ, оған сендірдің бір тиындарын шықпады, ал халық аренасы, улкен ғимараттар халық ақшасына салынды, соларды қолдану керек", деп қарсылық  танытты желі қолданушылар.