Науқасты көмейінен айырған дәрігерге қатысты сот ісі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Науқасты көмейінен айырған  дәрігерге қатысты сот ісі аяқталды

Науқасты көмейінен айырған дәрігерге қатысты сот ісі аяқталды

Семейде науқасты кемтар қылған дәрігерге қатысты сот ісі аяқталды. Мерейтойында өңеші жыртылғанша ән салып, даусы шықпай қалған Александр Белоусовты дәрігер емдеп жазудың орнына, көмейінен айырған.

  • 27 Мамыр 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

Науқасқа ешбір сараптама жасалмай-ақ медицина қызметкері асығыс «ларингит» деген диагноз қоя салыпты. Сөйтсе,Александрда жай ларингит емес, қатерлі ісік екен. Нақты диагнозыкеш анықталып, әбден дендеп кеткен соңкөмейін кесіп алып тастауға тура келді. Аталмыш оқиға жайында бұрын айтқан болатынбыз. Александр қазір арнайы аппараттың көмегімен сөйлеп жүр. Күңгірлеген даусына бола таныстары оны “робот-адам” деп атап кеткен. Сот дәрігерді кінәлі деп тапты. Бірақ темір торға тоғытылмайды, тек өтемақымен құтылады. Онда да жәбірленуші талап еткендей 2 млн емес, 200 мың теңге төлесін деп шешім шығарды,істі қараған судья. 


Александр Белоусов
:

Көмейімді алып тастағаны үшін 200 мың теңге төлесе, онда адам өлтіріп қойса 500 мың теңгемен құтылатын шығар. 200 мың теңге менің тамағыма орнататын протезіме де жетпейді.

Соңғы жаңалықтар