Наурыз айында Батыс Қазақстан облысында Қазақстандағы Ресей жылына арналған мерекелік шаралар өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз айында Батыс Қазақстан облысында Қазақстандағы Ресей жылына арналған мерекелік шаралар өткізіледі

Наурыз айында Батыс Қазақстан облысында Қазақстандағы Ресей жылына арналған мерекелік шаралар өткізіледі

Қазақстандағы Ресей жылына арналған негізгі мерекелік шаралар наурыз айында Батыс Қазақстан облысында өткізіледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бастығы Қайыржан Идиятов хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

Қ.Идиятовтың айтуынша, бұл шаралар Наурыз мейрамымен орайластырылған. Облыстың шекара маңында орын тепкен жеті ауданында Наурыз мейрамы көршілес Ресейлік аудандардан шақырылған қонақтардың қатысуымен тойланады. Орал қалалық әкімшілігі бұл мерекеге Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова қайтыс болған Псков облысынан, Михаил Шолоховтың отаны — Ростов облысынан, сондай-ақ, Мәскеу қаласының Соколиная гора префектурасынан, Саратов, Самара, Орынбор, Волгоград және Астрахань облыстарынан меймандар шақырмақ ниетте.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Ресей жылы аясында шекаралас Ресейлік облыстардың губернаторларының қатысуымен «Орал өз қонақтарын қабылдайды» деген тақырыппен арнайы шара өткізу көзделген. Мамыр айында Оралда Ресейлік мектеп оқушыларының қатысуымен зияткер-оқушылардың республикалық жиыны өтеді.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы мен шекаралас Ресейлік облыстар арасындағы сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық туралы 2003-жылы қол қойылған келісімді жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарды жыл бойы жалғастыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар