"Наурыз" бағдарламасы басталды. Оның шарттары қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Наурыз" бағдарламасы басталды. Оның шарттары қандай?

"Наурыз" бағдарламасы басталды. Оның шарттары қандай?

Мемлекет баспанаға мұқтаж азаматтарға 300 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы шамамен 11,5 мың қазақстандыққа үй сатып алуға мүмкіндік береді

  • 5 Наурыз
  • 18
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 5 наурыздан 31 наурызға дейін қабылданады.

Ипотека шарттары қандай?

• Пайыздық мөлшерлеме:
• Әкімдік кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін – 7% (ЖТСМ 7,1%-9,6%).
• Баспанаға мұқтаж азаматтар, қандастар және өзге де санаттағы қазақстандықтар үшін – 9%.
• Егер несие сомасының 50%-ын жинақтасаңыз, мөлшерлеме 3,5%-5%-ға дейін төмендейді.
• Бастапқы жарна:
• Жаңа, жөндеуден өткен тұрғын үй үшін – 10%.
• Жөндеусіз жаңа баспана немесе екінші нарықтағы тұрғын үй үшін – 20%-дан бастап.
• Бірақ бастапқы жарна кемінде 2 млн теңге болуы керек.
• Несие мерзімі: 19 жылға дейін.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Соңғы 5 жылда өз атында жылжымайтын мүлкі болмаған кез келген қазақстандық қатыса алады.

Жасы: 18 бен 63 жас аралығында болу керек.

Қатысушы табысын қалай дәлелдейді?

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы 6 айда тұрақты ресми табыс болуы шарт. Мұнда:

— Жалақы;
— Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс;
— Ақылы қызмет көрсету арқылы тапқан табыс;
— Жәрдемақылар, стипендиялар мен тұрғын үй төлемдері есепке алынады.

Егер үміткердің табысы жеткіліксіз болса, екі кепілгер (қосымша қарыз алушы) тартуға болады. Олардың туыс болуы міндетті емес.

Егер атыңызда жылжымайтын мүлік болса…

Соңғы 5 жылда қатысушының да, оның отбасы мүшелерінің де (жұбайы, балалары) атына тіркелген баспана болмауы қажет.

— Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады.
— Егер үміткер некеде болмаса, оның ата-анасының үйі есепке алынбайды.
— Бағдарлама аясында үйді тек бір рет сатып алуға болады.

Перейти к новостям спорта