Наурыз банктегі қаржылық ахуалды жақсартуға күш салатын инвесторлар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.37
  • 531.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз банктегі қаржылық ахуалды жақсартуға күш салатын инвесторлар табылды

Наурыз банктегі қаржылық ахуалды жақсартуға күш салатын инвесторлар табылды

"Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ның қаржылық ахуалын жақсартуға күш салатын инвесторлар табылды. Бұл туралы бүгін, 14-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 514
Фото - Caravan.kz

Б.Жәмішевтің айтуынша, «ЦентрКредит Банкі», «АТФ Банк» және «Альянс Банк» тәрізді үш банк инвестор болуға ниет білдірді. Сондай-ақ, агенттік төрағасының айтуынша, қазір Ресейлік және Қазақстандық екі компания қосымша инвесторлар ретінде қарастырылуда. Негізгі инвесторлар болып табылмайтынын айтқан Б.Жәмішев компаниялардың аты-жөнін атамады.

«ЦентрКредит Банкі», «АТФ Банк» мен «Альянс Банк» ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігіне 20-желтоқсанға дейін өз инвестициялық жобаларын таныстыруы тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің бұйрығымен 2004-жылдың 9-қарашасында «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ына қатысты үш ай мерзіммен консервациялау тәртібі енгізілді.