Наурыз банкті Қазақстандық ірі банкпен біріктіру - қазіргі күрделі ахуалды шешудің тиімді жолы болмақ - Б.Жәмішев - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз банкті Қазақстандық ірі банкпен біріктіру - қазіргі күрделі ахуалды шешудің тиімді жолы болмақ - Б.Жәмішев

Наурыз банкті Қазақстандық ірі банкпен біріктіру - қазіргі күрделі ахуалды шешудің тиімді жолы болмақ - Б.Жәмішев

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі 2004-жылдың 20-желтоқсанында Наурыз банкке инвесторды айқындайтын негізгі үш критерийді жария етті. Бұл туралы бүгін, 14-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ЦентрКредит Банкі», «АТФ Банк» және «Альянс Банк» тәрізді отандық үш банк ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігіне Наурыз банкке инвестиция салу жөніндегі қызығушылығын дәлелдейтін ресми хат жолдады. Бұл банктердің өкілдері Наурыз банк консервацияланатын мерзімге тағайындалған уақытша әкімшіліктің құрамына енгізілді. «Инвесторларды қызықтыратын сауалдар банк және коммерциялық құпиялар санатына жататындықтан, біз заңнама талаптарына сәйкес инвесторларға сондай ақпаратты алуға мүмкіндік беріп отырмыз»,- деді агенттік жетекшісі.

Сондай-ақ, Қазақстанның астық одағы мен Мәскеудің EAF ltd. компаниясы қосымша потенциалдық инвестор ретінде өтініш түсіріп отыр. Соңғы инвестор туралы ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінде ешбір мәлімет жоқ. Б.Жәмішев ондай ақпаратқа әзірге қажеттілік туындаған жоқ, дейді. «Егер бұл компанияны инвестор ретінде қарастыру туралы шешім қабылдайтын болсақ, онда қажетті ақпаратқа сұрау салатын боламыз».
ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі үшін инвесторлардың ұсынысын бағалауға арқау болатын бірінші критерий инвестор тарапынан Наурыз банкті күрделі қаржылық ахуалдан шығару бағытында ұсынған шаралардың тиімділігіне байланысты болмақ. Сонымен бірге инвестордың Наурыз банкке енгізуге әзірлік танытып отырған инвестициясының көлемі де айрықша маңызды.
Агенттік тарапынан инвесторға қойылып отырған екінші талап — Наурыз банктің жоғары деңгейде дамыған филиалдық желісін сақтап қалуға саяды.
Б.Жәмішевтің пікірінше, инвесторлар ескеруге тиіс тағы бір мәселе — Наурыз банктің ең ірі депозиторлары үшін мейлінше қолайлы ұсыныстар жасау болмақ.
«Наурыз банктің 13 ірі депозиторының үлесіне шамамен 44 млн. доллар тиеді. Егер консервациялау режимінен кейін депозиторлар бұл қаржыны қайтарып алуға шешім қабылдаса, онда бірде-бір инвестордың шамасы жетпей қалады»,- деді қаржылық бақылау мекемесінің басшысы.
«Қиындыққа душар болған Наурыз банк ірі қазақстандық банктің құрылымына бірігіп жоғалып кетсе, өз филиалдарын сол ірі банкке біріктірсе, мәселенің баршаға тиімді шешімі осы болар еді»,- деді Б.Жәмішев.

Перейти к новостям спорта