"Наурыз харам, көп әйел алу керек дегенді насихаттаушылардың көбейіп кетуі бекерден-бекер емес" - журналист Тоқтар Жақаш - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Наурыз харам, көп әйел алу керек дегенді насихаттаушылардың көбейіп кетуі бекерден-бекер емес" - журналист Тоқтар Жақаш

"Наурыз харам, көп әйел алу керек дегенді насихаттаушылардың көбейіп кетуі бекерден-бекер емес" - журналист Тоқтар Жақаш

Журналист Тоқтар Жақаш мемлекеттік мекемелерді "харам" деп санайтындарды қатаң тексеру керектігін айтты.

  • 2 Сәуiр
  • 8
Turkystan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Өткенде бір сақалды Наурыз мерекесін тойлауға болмайды, дінге қайшы деген сыңайда пікір білдіріпті. Құқық қорғау органдары әлгі адамның ұсталғанын хабарлады. Бұл – дұрыс. Бірақ қоғамда осындай пікірдегі адамдардың көбейіп бара жатқаны қауіпті.

Бүгін олар наурыз мерекесін харам дейді. Ертең тәуелсіздік күніне не басқа мемлекеттік мерекелерге тиісетіні анық. Оларға салса, ораза айт пен құрбан айттан басқа мейрам жоқ. Өздерінше Құраннан дәлел келтіретінін қайтерсің.

Алайда дін ғалымдары бір ауыздан келіскен. Фиқһ бойынша, ислам қағидасына қайшы келмейтін салт-дәстүр сақталады. Бұған мәзһаб ғұламалары бір ауыздан келіскені мәлім.

Оның үстіне, қазақ әлмисақтан наурызды тойлап келеді. Ислам дінін ұстаған ата-бабамыздың ешқайсысы наурызға қарсы шықпаған. Егер наурызды тойлау дұрыс емес болса, 63 жасында қылуетке кірген Қожа Ахмет Ясауи немесе Меккеге барып мешіт салдырған Құнанбай оған қарсылық білдірер еді.

Қазір мемлекеттік мерекемізге тиісіп жүргендер біраз уақыт өткен соң ислам халифатын құрамыз деп екпіндемесіне кім кепіл? Кезінде еліміздің бірқатар өңірінде террористік шабуыл ұйымдастырғандардың сақалды болғаны белгілі. Яғни, экстремистік бағыт ұстанған еді.

Солар қайтадан бас көтере бастаған сыңайлы. Әйтпесе, кейінгі кезде әлеуметтік желіде наурыз харам, көп әйел алу керек дегенді насихаттаушылардың көбейіп кетуі бекерден-бекер емес.

Діни ұстанымды желеу етіп, ұлттық құндылықтарға қарсы шығатындардың көбеюі елеусіз қалдыратын мәселе емес. Түптеп келгенде елдің тұтастығына қауіп төндіреді. Сондықтан бұл мәселеге назар аудару қажет», — деп жазды журналист.