Наурыз мейрамы Канадада салтанатты түрде атап өтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз мейрамы Канадада салтанатты түрде атап өтілді

Наурыз мейрамы Канадада салтанатты түрде атап өтілді

Наурыз мейрамы Канадада салтанатты түрде атап өтілді. Қазақстанның Канададағы Елшілігі Торонто қаласындағы қазақстандықтар қауымдыстығымен бірлесіп, тарихта алғашқы рет Наурыз мейрамын ресми түрде атап өтті. 

  • 27 Наурыз 2019
  • 133
Фото - Caravan.kz

Мейрамға қатысу үшін 400-ден астам отандастарымыз, жергілікті іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері Канаданың ең ірі мегаполисінде бас қосты. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылып, балаларға арналған ойындар мен өнерпаздық тапсырмалар, сондай-ақ Канадада тұрып жатқан дарынды қазақстандықтардың қатысуымен арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды.

"Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов отандастарымызды құттықтау барысында Наурыз мейрамы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылатынын атап өтті. «Наурыз біздің еліміз үшін үлкен маңызға ие, ол үйлесімділікке, өзара түсіністікке және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді. Біздің басты құндылығымыз — халықтың бірлігі. Сондықтан біз бейбітшілік пен келісімді үнемі нығайтуға тиіспіз", — деді елші.

Елші А.Камалдинов қазақстандық мәдениетті шет елдерде белсенді ілгерілетуді көздейтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуына ерекше назар аударды. Осыған байланысты, Ислам, парсы және Орталық Азия өркениеттерінің бірегей экспонаттары мен жинақтамаларын ұсынатын Торонтодағы Аға-Хан музейінде Наурыз мерекесін тойлау өте символды оқиға екені айтылды.

Салтанатты іс-шараның тең ұйымдастырушысы болып өз үлесін қосқан Қазақстанның Онтарио провинциясындағы Құрметті консулы Стэн Барти де барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ол 20 жылдан артық уақыт бойы еліміздің қарқынды дамуын қуанышпен бақылап отырғанын айтып, Канаданың орталық провинциясында Қазақстанның атынан жұмыс жасау мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.


Мейрамның жүргізушісі ретінде танымал канадалық журналист Бен Малронинің қатысқаны қонақтар үшін таңғаларлық жайт болды. Ол «Etalk» және «Canadian Idol» бағдарламаларына қатысқаны, сондай-ақ «Оскар», «Алтын глобус», «Juno Awards» сыйлықтарын табыс ету рәсімдерін жүргізгені үшін бүкіл әлемге әйгілі.

Мейрамға қатысқандар іс-шараның сапалы және ықыласпен өткенін атап өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Торонтода оқып жүрген қазақстандық студенттермен бөлек кездесті. Елші А.Камалдинов Елшіліктің жұмыстары туралы түсіндіріп, тұрақты түрде байланыста болу үшін және төтенше жағдайларда көмек көрсету үшін консулдық есепке тұру қажеттілігін атап өтті. Жастар, өз кезегінде, өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісіп, Елшілікпен ынтымақтасуға дайындығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар