Наурыз мейрамына орай Орталық мемлекеттік мұражайда "Балдәурен " атты қайырымдылық шарасы өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз мейрамына орай Орталық мемлекеттік мұражайда "Балдәурен " атты қайырымдылық шарасы өткізіледі

Наурыз мейрамына орай Орталық мемлекеттік мұражайда "Балдәурен " атты қайырымдылық шарасы өткізіледі

25-наурызда ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында наурыз мейрамына орай "Балдәурен" атты қайырымдылық шарасы өткізіледі. Бұл шара ауыр сырқаттарға шалдыққан, қимыл-қозғалысы, сөйлеу мүмкіндігі зақымдалған, ақыл-ой және психикалық қабілеті төмен балаларға арнап ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы Орталық мемлекеттік мұражайдың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Наурыз 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ізгілік пен татулық, қайырымдылық мерекесі — Наурызды тойлау барысында мұражай ұжымы мұқтаж балаларға мейлінше мейірімділік көрсетуге тырысады.

Наурыз мерекесі халқымыздың дәстүрлі мәдени мұрасына барынша тереңірек үңіліп, оның бай құндылықтарын бағалай білуге, салт-дәстүрлердің түп-тамырына бойлап, мәдени ізгіліктерді дамыту мақсатында ұлағатты істер тындыруды талап етеді. Сол себепті мейірімділікке мұқтаж балаларды өз шаңырағының астында жинайтын мұражай ұжымы адамдардың әрбір саналы әрекетін өмірге құштарлықты, ізгілікті, төзімділікті, қайырымдылықты, өзара түсіністікке бағыттауды мұрат тұтып отыр.
Біркүндік мейірімділік шарасына қатысушыларға түрлі ойыншықтар мен оқу құралдары сыйға тартылып, мүгедек балалармен жұмыс істейтін «Вера» жеке меншік қуыршақ театрының ұжымы қойған «Алдар Көсе» қойылымын тамашалайды. Сондай-ақ, шараға қатысушы бүлдіршіндер өздері дайындаған концерттік бағдарламасын көрермен назарына ұсынады.

Соңғы жаңалықтар