Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.68
  • 568.23
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады

  • 13 Наурыз
  • 4
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз мейрамын қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздардың құрамын ұлғайтады.

Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:

  • 2026 жылғы 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;
  • 2026 жылғы 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;
  • 2026 жылғы 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;
  • 2026 жылғы 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.

Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.