"Наурызбай Өтпенов дінбасы болғалы бері қазақ жаманшылықтан көз ашпай-ақ қойды": Мүфтидің күндегендер кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Наурызбай Өтпенов дінбасы болғалы бері қазақ жаманшылықтан көз ашпай-ақ қойды": Мүфтидің күндегендер кімдер?

"Наурызбай Өтпенов дінбасы болғалы бері қазақ жаманшылықтан көз ашпай-ақ қойды": Мүфтидің күндегендер кімдер?

Әлеуметтік желіде елімізде болып жатқан қиын жағдайларға мүфтиді кінәлаған кім? Елдегі ахуалға Наурызбай Тағанұлының не қатысы бар?

  • 9 Сәуiр
  • 97
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ораз Әлімбеков елдегі жағдайларды тізбектеп жазып, бас мүфти «араб тілінде дұға жасамағаннан дұғасы қабыл болмай жатыр деген ақпарат таратты.

Елде болған аты жаман індет, қаңтардағы қырғын, елдегі су тасқыны сынды жайттарды айтып, мүфтидің дұғасынан деп айту, қаншалықты дұрыс?

«Бас мүфти Аллаға жалбарынғанда неге өксіп жылайды?

Осы Бас мүфти Наурызбай Өтпенов Аллаға жабарынып дұға қылғанда ылғи пора-пора жас шығарып жылайды. Қажылыққа барса да, Қағбаға кірсе де, Қағбадан шықса да, Жылқышыбайға сұхбат берсе де, … сөйтеді. Дінбасының «Еліме жақсылық жасай гөр, халқымды панаңа ала гөр…» деп қазақшалап Аллаға жалбарынуында мін жоқ. Бірақ, Наурызбай Өтпенов дінбасы болғалы бері қазақ жаманшылықтан көз ашпай-ақ қойды.

Наурызбай Өтпенов қалай ҚМДБ төрағасы болып сайланып еді, солай коронавирус деген жұқпалы індет ел ішін жайлап, кеселден талай адам о дүниелік болды. Бұ қазақ сол індеттен енді ес жиып ед, қылышын сүйретіп тосыннан Қаңтар оқиғасы келе қалды. Қанды Қаңтар да талай қазақтың басын жалмады. Қаңтар оқиғасы ушыға бастағанда дінбасымыз жамағатының тағдырына алаңдамай Сатыбалдының VIP ұшағына мініп алып Дубайға тайып тұрды, Арабстан жақта жамбастап жатып алды… «Дубайға барған жоқ, Саудияда кіші қажылық жасап, Алладан тілек тіледі» деп дауласты сол кезде оның жақтастары. Мейлі ғой, Дубай арқылы Меккеге барған шығар, бірақ оның сол кезде, ел тағдыры қылыштың жүзінде тұрғанда Қазақстанда болмағаны рас қой…

Қасіретті Қаңтардың қатқан қан мен іріңі аралас жарасын тілімен жалап жазған бұ қазақ енді еңсесін көтере беріп еді, бүткіл елді су басты. Қаншама адам үйсіз, күйсіз далада қалды, халық қатты қиналып жатыр. Ал Бас мүфти қала-қалада ауызашар беріп «ас ішіп аяқ босатып» жүр…

Бас мүфти елімізге жақсылық, халқымызға амандық сұрап, Аллаға жалбарынғанда бір нәрсені дұрыс істемейді-ау деймін. Әдетте, Аллаға жалбарынатын дұға араб тілінде айтылады, арабша айтса ғана дұға қабыл болады дейді білгіштер. Дінбасының араб тіліне жетік емес екенін, Құран аяттарын да қате оқитынын білеміз. Гәп осында ма екен?.. Әлде пора-пора жас ағызып өксіп оқыған дұға қабыл болмай, Алла қазақтың ақжолын ашпай тұр ма? Эх, осындағы гәпті түсінбей-ақ қойдым — бірі кем дүние-ай», деп жазды.

«30 жыл дұғада болдық апаттардан көз ашпай кеттік неге , не ұшін дұға апатқа тосат бола алмайды , ааа құдай деп жылап жатқан шығар», «Дұға дегеніміз иманның ең әлсіз түрі! Биліктің қателіктері мен қылмыстарын ашық айтпаған мұпти сұпти имам симамның бәрі имансыздар!», деп жазды оқырмандар.