Наурыздағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыздағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады

Наурыздағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады

"Air Astana" әуе компаниясы қосымша 55 рейс орындайды

  • 3 Наурыз
  • 3
ФОТО: ЖИ

Отандық әуе компаниялар Наурыз айындағы мереке күндері әуе рейстерінің санын едәуір ұлғайтады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, 2025 жылдың 16-30 наурызы аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады. Олардың қатарында:

«Air Astana» әуе компаниясы қосымша 55 рейс орындайды.

Iшкі бағыттар бойынша:

Астана – Алматы + 8 рейс;

Атырау – Астана + 6 рейс;

Атырау – Алматы + 3 рейс;

Алматы – Шымкент +2 рейс;

Алматы – Қызылорда + 2 рейс;

Алматы – Ақтау + 1 рейс;

Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;

Алматы – Өскемен + 1 рейс;

Астана – Ақтөбе + 1 рейс;

Астана – Орал + 1 рейс;

Астана – Қостанай + 1 рейс.

Халықаралық бағыттар бойынша:

Алматы – Сеул + 4 рейс;

Алматы – Ыстанбұл + 4 рейс;

Астана – Ыстанбұл + 4 рейс;

Алматы – Мале + 4 рейс;

Алматы – Бейжің + 2 рейс;

Астана – Сеул + 2 рейс;

Алматы – Тбилиси + 1 рейс;

Астана – Пхукет + 1 рейс;

Астана – Фукуок + 1 рейс;

Алматы – Лондон + 1 рейс;

Алматы – Душанбе + 1 рейс;

Алматы – Баку + 1 рейс;

Алматы – Камрань + 1 рейс;

Алматы – Гуанчжоу + 1 рейс.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 30 наурызынан бастап «Алматы – Нячанг» (аптасына 4 рейс), 31 наурыздан бастап «Астана — Нячанг» (аптасына 3 рейс), 30 наурыздан бастап «Алматы – Гуанчжоу» (аптасына 3 рейс) бағыттарында әуе қатынасы ашылады. Ал 20 сәуірден бастап «Алматы – Мумбай» бағыты бойынша рейстер қайта ашылады (аптасына 3 рейс). Бұдан бөлек 28 мамырдан бастап «Атырау – Тбилиси» (аптасына 3 рейс), 1 маусымнан бастап «Астана – Франкфурт» (аптасына 3 рейс) жаңа әуе бағыттары ашылады.

«FlyArystan» әуе компаниясы 33 рейсті іске қосады:

Астана – Алматы + 11 рейс;

Астана – Орал +4 рейс;

Алматы – Шымкент + 3 рейс;

Алматы – Қарағанды +2 рейс;

Алматы – Қызылорда +2 рейс;

Астана – Шымкент +2 рейс;

Астана – Түркістан +2 рейс;

Алматы – Қостанай +1 рейс;

Алматы – Семей + 1 рейс;

Алматы – Павлодар +1 рейс;

Алматы – Орал +1 рейс;

Астана – Қызылорда +1 рейс;

Астана – Ақтау +1 рейс;

Астана – Өскемен +1 рейс.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 4 маусымынан бастап «Қарағанды-Ыстамбұл» бағыты бойынша рейстер ашылады (аптасына 2 рейс);

«SCAT» әуе компаниясы 32 рейс қосады:

Астана – Алматы + 16 рейс;

Астана – Шымкент + 8 рейс;

Алматы – Шымкент + 8 рейс.

Сондай – ақ, «Шымкент – Каир» (29 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), «Шымкент – Сиань» (28 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), «Шымкент-Будапешт» (27 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша рейстер ашылады;

«Qazaq Air» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап «Астана – Самарқанд» бағыты бойынша рейстерді іске қосады (аптасына 2 рейс). Сондай-ақ, әуе компания «Астана – Алматы», «Астана – Шымкент», «Астана – Түркістан» ішкі бағыттары бойынша мереке алды және мереке күндері рейстер санын ұлғайту мәселесін қосымша пысықтауда.