«Наурыз-Думан» атты балаларға араналған бағдарлама- ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Наурыз-Думан» атты балаларға араналған бағдарлама- ШҚО

«Наурыз-Думан» атты балаларға араналған бағдарлама- ШҚО

2013 жылғы 21 наурызда Металлургтер сарайының алдындағы алаңда балаларға араналған «Наурыз-Думан» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

  • 21 Наурыз 2013
  • 1154
Фото - Caravan.kz

Мерекелік шараның ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы.

Наурыз мейрамын балаларға арнап өткізу біздің өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді насихаттап, жас ұрпақтың қазақ халқының салт дәстүрлеріне деген қызығушылығын ояту.
Алаңда киіз үйлер орнатылып, қала қонақтары мен балаларға наурыз көже, тәттілер таратылады.
Бағдарламада наурызды қарсы алу, театрландырылған көріністер, балалар шығармашылығынан концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылады.
Мәдениет сарайында балаларға арналған «Әз Наурыз» қойылымы болады.

Наурыз мейрамына байланысты балаларға арналған «Наурыз-Думан» шарасының бағдарламасы

11.00 – мерекенің басталуы;
11.30-15.00 – театрландырылған көрініс, концерттік бағдарлама;
12.00-13.30 – наурыз көже ұсыну;
12.00-14.00 – спорттық ойындар;
12.00-14.00 –конкурстар, балаларға арналған ойындар;
13.00 – балаларға арналған «Әз Наурыз» қойылымы (Мәдениет сарайы)

Перейти к новостям спорта