Навас Оегросено: Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы табысты болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Навас Оегросено: Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы табысты болады

Навас Оегросено: Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы табысты болады

Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы табысты болатындығына Индонезия сенімдімін.

  • 21 Маусым 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның осынау жауапты лауазымдағы жұмыс перспективасына арналған Брюссель конференциясының қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берген Индонезияның Бельгиядағы Люксембургтағы және Еуроодақтағы елшісі Ариф Навас Оегросено осындай мәлімдеме жасады.

Елшінің айтуынша, Брюссель конференциясына қатысқан сарапшылар мен саясатшылардың басым бөлігінің пікірі «мұсылман елдерін, замана шындығына сай, жаңаша қабылдайтын кез келді» дегенге сайып отыр. «Батыс жұртшылығы тек араб елдерін және Таяу Шығыс елдерін ғана ислам елдері ретінде қабылдайды. Бірақ әртүрлі мұсылман мемлекеттері бар екені, олардың мәдениеттері де әртүрлі екені баршаға аян. Оған қоса, олар әлемнің түкпір- түкпірінде орналасқан, географиялық орналасу жағдайлары әртарапты. Менің пайымдауынша, бүгінгі конференция еуропалық жұртшылыққа Исламды жаңаша таныстырады. Осыған орай, Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымындағы төрағалына сәттілік тілеп, сіздердің төрағалықтарыңыздың табысты болатындығына сенім білдіремін», — деді Индонезия елшісі өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар