Жарияланды: 400

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 6 күн бұрын Астанада жоғалған Тоқберген Әбиев іздестірілуде

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 6 күн бұрын Астанада жоғалған Тоқберген Әбиев іздестірілуде

Астана қалалық ІІД-нің тергеу бойынша басқармасы Қарағанды облысының Балқаш қаласының тумасы, 17.06.1965 жылғы Тоқберген Сәкенұлы Әбиевті іздестіруде,

деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 2012 жылдың 20 желтоқсанында Әбиев Астана қаласы, Кенесары көшесі, 40 мекен-жайында орналасқан «7-ой Континент» бизнес орталығының кеңсесінен шығып, жоғалып кетті. Ол «www.abiyev.kz» ақпараттық-құқықтық порталының басшысы, «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» ҚҚ президентінің орынбасары болып табылады. Белгілері: бойы - 180 см, денесі толық, ақ кіре бастаған қара шашты, қоңыр көзді, қара торы. Киімі: қара түсті былғары кеудеше, қара түсті шалбар, қара түсті тоқылған шәпке, қара түсті бәтеңке, көк түсті кофта. Ерекше белгілері: соқыр ішектен қалған жараның орны, сол жақ қасының астында - үлкен меңі, сол жақ қолының білезігіндегі саусақтарының арасында «А» әрпі түріндегі татуировка, төменгі иегінде барлық тістері металл керамика. Қандай да бір ақпаратты алу кезінде Астана қалалық ІІД-нің тергеу бойынша басқармасына (Бейбітшілік көшесі, 19) (8-7172) 71-62-90, 71-62-95, 71-60-29. Факс: 71-63-53, немесе 102 нөмірлеріне жылдам хабарласуыңызды сұраймыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін