Назарбаев 20 мыңдық жаңа купюраға қатысты сұраққа әзілмен жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев 20 мыңдық  жаңа купюраға қатысты сұраққа әзілмен жауап берді

Назарбаев 20 мыңдық жаңа купюраға қатысты сұраққа әзілмен жауап берді

Елбасының есебі. Президенттің жексенбінің кешіндегі тілшілерге берген сұхбаты елде қызу талқыланып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистерді қабылдап жылды қорытындылаған болатын. Жиын бейресми форматта өткендіктен айтылған әңгіменің барлығы еркін өрбіді. Мәселен, теңге мен зейнетақы қорындағы жұрттың жинағының тағдыры, мұнай бағасы, Ресей мен Түркия арасындағы кикілжің, тіпті Елбасының ас мәзірі мен диетасы да әңгімеге арқау болды.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Жыл соңында журналистерді Ақордаға жинап, кездесу өткізетін Елбасы биыл да бұл дәстүрден жаңылған жоқ. Емен-жарқын әңгіме айтып, тілшілерге ағынан жарылды. Сұхбатқа арқау болған бірінші мәселе – төл теңгенің тағдыры. Жақында 20 мың теңгелік купюра шықты, доллар тағы өсіп жатыр. Осыған орай Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасы шығады деген алып-қашпа сөздерге сенбеуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Ел аузында бір әзіл жүр. Қазекең тойшыл халық қой.  10 мың апарсаң аз. 100 доллар апарсаң көп деп. Сол үшін 20 мың шықты деген сөз жүр.

-10 мың теңге бола ма? 20 мың теңге бола ма ол да нарыққа байланысты. Ал, Еуразиялық одаққа келсек. Ол мәселе қазір күн тәртібінде тұрған жоқ.

-Одан қорқудың қажеті жоқ па?

-Қорқатын мәселе біз тәуелсіздігімізден айырылып қаламызба деген мәселе ғой. Еуразиялық одақта біз оған ешқашан бармайтын боламыз. Тәуелсіздігіміз ең басты құндылығымыз.

Шатқаяқтаған әлемдік экономика, мұнай бағасының түсуі, Ресей мен Түркия арасындағы кикілжің де айтылды. Мұның бәрі елімізге кері әсер етіп жатқаны анық. Дағдарыстан Үкімет үнемге көшті, келер жылы да экономикалық қиындайын деп тұр. Осы ретте президент қалталы кәсіпкерлерді ақшасын шетелге тықпауды тағы қатал ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Анандай-мынандай жолмен тауып бәрінің тыққандары бар. Ағайындарына жазғаны бар. Содан кейін күндіз түні соны ойлап не болар екен қашан мені соттар екен деп қиналып өмір сүреді. Сондықтан айтып отырмыз аш бәрін кешіреміз бір жолға.

Бұдан кейін президентке Байқоңырдың болашағы мен оралмандар жайлы сұрақтар қойылды. Қандастарымызды құшақ жая қарсы аламыз деген Назарбаев онсыз да тарыдай шашылған қазақтар руға-жүзге бөлінбей бір болу керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті

-Егерде біз осы ауруға шалдықсақ қазіргі Ливия құсап быт-шыт болып кетеміз. Тайпалар соғысып жатыр дейді. Ол тайпалар сияқты біздің рулар соғысса не болды сонда?Қайтадан бодан боламыз. Ел болайық десек бірігу керек.

Бұдан кейін Елбасы зейнетақы қоры туралы сөз қозғады. Қайтадан жекенің қолына берілетін жұрттың жинағына мемлекет 100 пайыз кепілдік береді дейді президент. Ал, саясат пен экономикадағы ауыр әңгімелерден кейін сұхбат соңы президенттің ас мәзірі, диета, сезім мен махаббат төңірегінде өрбіді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Бәрінің арманы арықтау. Арықтар да салмақ тастағысы келеді. Ет жеу зиян дейді.  Біз қазақтар етсіз қалай өмір сүреміз? Бір ұрыны ұстап алып келіп «неге ұрлайсың» дегенде: «Жылқының еті тәттілігін қойса мен ұрлығымды қояйын депті».

Елбасының галстуксыз емен-жарқын сұхбаты бір сағатқа созылды.  Президент әлемдік дағдарысқа қарамастан экономика өсімін төмендетпеген Мәсімов үкіметінің жұмысына көңілі толатынын айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев айтарлықтай 

Соңғы жаңалықтар