Назарбаев: Алматы мен Астанада тек электромобильмен жүретін жағдайға жетуіміз керек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Алматы мен Астанада тек электромобильмен жүретін жағдайға жетуіміз керек

Назарбаев: Алматы мен Астанада тек электромобильмен жүретін жағдайға жетуіміз керек

 

  • 7 Қаңтар 2018
  • 205
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденцияда өткен кездесу барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеп Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы республика экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, қаланы дамыту мәселелерін ұдайы назарда ұстайтынын айтты.

«Егер қала халқы 2 миллион адамнан асса, ол экономикалық тұрғыдан өзін өзі толық қамтамасыз ете алады. Қала жаңа мүмкіндіктер туғызып, шағын және орта бизнестің дамуына жол ашады. Мұндай қалалар шикізатсыз-ақ көркейіп, елімізді өркендетуге үлес қосады», – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті Алматыны газбен қамту және оның экологиясын жақсарту мәселелеріне назар аударды.


«Бізге электр станциялары мен тұрғын үйлерді газбен қамту, қоғамдық және жеке автокөліктерді газға көшіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет. Келешекте біз Алматы мен Астанада тек электромобильмен жүретін жағдайға жетуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.