Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді

Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

  • 18 Мамыр 2017
  • 568
Фото - Caravan.kz


"Мемлекет басшысы театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның еңбек ері" атағын берді", — делінген Ақорданың Twitter желісіндегі хабарламасында. 

КССР мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КССР мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімов көптеген рөлдері арқылы Қазақстанның ең танымал актеріне айналған.

Айта кетейік, биыл көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұлағатты ұстаз, Қазақстан және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық фестивальдердің бірнеше мәрте жүлдегері, "Отан" орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының төрағасы, ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне мол тәжірибесі, абырой-беделімен елеулі үлес қосқан Асанәлі Әшімов 80 жасқа толып отыр.
 

Соңғы жаңалықтар