«60 жылдық мерейтойыңызға қарай менің құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің белсенді талпыныстарыңыз бен талаптарыңызды, сонымен қатар Қырғызстанның өркендеуі жолындағы жан-жақты қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Астана мен Бішкек арасындағы достық және одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығаятынына сенімдімін. Құрметті Алмазбек Шаршенұлы, Сізге мықты денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал бауырлас қырғыз халқына береке мен өркендеу тілеймін», — делінген Қазақстан Президентінің құттықтау хатында.
Сонымен қатар, бүгін Ресей мен Қырғызстан арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың және стратегиялық серіктестіктің дамуына қосқан үлесі үшін РФ Президенті Владимир Путин А. Атамбаевты Александр Невский медалімен марапаттады. Марапаттау рәсімі Бішкектегі екіжақты кездесу барысында өтті.