Кездесу барысында Н.Назарбаев Б.Бекназаровтың назарын істің уақытында қаралуын қамтамасыз етуге аударды.
«Кей жағдайларда сотқа жүгінген азаматтар шырғалаңға кезігіп жатады. Сот істері төменге сот сатысынан жоғарғы сот органына беріледі, одан кейін қарауға кері қайтарылады, бұл азаматтардың наразылығын туғызады. Осылайша, істің әділ қарастырылуы тежеледі», — дейді президент.
Б.Бекназаров мемлекет басшысына сот істерінің шынайы және сапалы қарастырылуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, халыққа әділ соттың қолжетімділігі туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша президент сот жүйесін әрі қарай жетілдіруге бағыталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.