Жарияланды: 700

Назарбаев БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды

Назарбаев БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриалдану – инновациялық бағдарламасының жобаларына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында қазақстандық БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды

«Байланыс және ақпарат министрлігі мен біздің БАҚ-тарға мен үнемі айтып келемін: қараңыздаршы, мысалы, бүгінге қанша жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Ал біздің «Хабар» немесе «Қазақстан», «КТК», қайсысы көрсетіп жатыр? Не болса, соны, ешкім де білмеуі тиіс сұмпайылықты көрсетіп жатады», - деді ол дүйсенбі күнгі телекөпір барысында. «Қазақстанның индустриалдану тынысы, құрылыстары қалай жүріп жатқандығы, жолдар қалай салынып жатқандығы, жаңа кәсіпорындар ашылып жатқандығы… насихаттайтын нәрселер осылар, адамдарды алға итермелеу керек», - деп атап көрсетті президент. «Мен БАҚ-тарды бүгіннен бастап халыққа бүкіл елдегі индустриалдану бағдарламасын көрсетуге міндеттеймін», - деп елбасы нұсқау берді. Н. Назарбаевтың тапсырмасымен БАМ және жергілікті атқару органдары «бизнесті қалай бастауға болатындығы туралы халыққа айтып беретін адамдарды арнайы бағдарламаларға алулары тиіс».

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін