Назарбаев БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды

Назарбаев БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриалдану – инновациялық бағдарламасының жобаларына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында қазақстандық БАҚ-тарға жаңалықтар эфирінде «сұмпайылықты» көрсетпей, «индустриалдану тынысын» насихаттауды тапсырды

  • 5 Шiлде 2011
  • 684
Фото - Caravan.kz

«Байланыс және ақпарат министрлігі мен біздің БАҚ-тарға мен үнемі айтып келемін: қараңыздаршы, мысалы, бүгінге қанша жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Ал біздің «Хабар» немесе «Қазақстан», «КТК», қайсысы көрсетіп жатыр? Не болса, соны, ешкім де білмеуі тиіс сұмпайылықты көрсетіп жатады», — деді ол дүйсенбі күнгі телекөпір барысында.

«Қазақстанның индустриалдану тынысы, құрылыстары қалай жүріп жатқандығы, жолдар қалай салынып жатқандығы, жаңа кәсіпорындар ашылып жатқандығы… насихаттайтын нәрселер осылар, адамдарды алға итермелеу керек», — деп атап көрсетті президент.

«Мен БАҚ-тарды бүгіннен бастап халыққа бүкіл елдегі индустриалдану бағдарламасын көрсетуге міндеттеймін», — деп елбасы нұсқау берді.

Н. Назарбаевтың тапсырмасымен БАМ және жергілікті атқару органдары «бизнесті қалай бастауға болатындығы туралы халыққа айтып беретін адамдарды арнайы бағдарламаларға алулары тиіс».

Соңғы жаңалықтар