Назарбаев «е-ислам» интернет-ресурсын құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев «е-ислам» интернет-ресурсын құруды ұсынды

Назарбаев «е-ислам» интернет-ресурсын құруды ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымына қатысушы-елдерге «е-ислам» атты мұсылмандардың ортақ интернет-ресурсын құруды ұсынды.

  • 28 Маусым 2011
  • 537
Фото - Caravan.kz

«7-ші дүниежүзілік исламдық экономикалық форумда мен ортақ медиалық ислам жобасын құруды ұсындым. Қазір жаңа медианың қуаты байқалып отыр. Осыған байланысты мен біздің ұйымның қызметі туралы ақпарат таратып, жастардың дінге, ислам мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, исламның руһани құндылықтарын насихаттайтын «е-ислам» интернет-ресурсын құруды ұсынамын», — деді ол сейсенбі күні Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің (ИКҰ СІМК) 38-ші сессиясында.

Мемлекет басшысы мұсылман әлемінің Батыспен қарым-қатынастарының қиындығы әлем саясатының маңызды проблемаларының бірі болып қалып отырғанын атап көрсетті.

«Батыс қоғамы мұсылман әлемін бірінші кезекте, радикалдық жағынан қабылдайды, негізсіз түрде қорқады. Бірақ ислам жалпыадамзаттық мейірімділік, төзімділік пен әділдік құндылықтарын насихаттайды», — дедіН. Назарбаев.

Осыған байланысты президент ИКҰ елдерінің алдында екі маңызды міндет тұрғанын, оның бірі діни фундаментализмге қарсы тұру білу екенін атап көрсетті.

«Біз исламның саяси зорлық-зомбылықпен, экстремизммен және терроризммен ортақ түгі де жоқ екенін жариялауға тиіспіз. Мұсылман әлемі мен батыстың арасында ашық әділо диалог орнатуымыз керек», — деді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы осы міндеттерді шешуге бағытталған, деді ол.