Назарбаев елдегі қазақтардың үлесі қанша процентке жеткенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев елдегі қазақтардың үлесі қанша процентке жеткенін мәлімдеді

Назарбаев елдегі қазақтардың үлесі қанша процентке жеткенін мәлімдеді

Тұңғыш президенттің айтуынша Қазақстанда демографиялық проблема шешілген

  • 21 Маусым 2019
  • 38
Фото - Caravan.kz

Қазақстан халқы 18 миллионнан асты, ал қазақтар соның 70 процентке жуығын құрайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты, деп хабарлады Ақорда.

Назарбаев кезінде шетелге кетуге мәжбүр болған 1 миллионнан астам қазақ Отанына оралғанын атап өтті.

"Біз демографиялық проблеманы шештік. Қазақстан халқының саны 3,5 миллион адамға көбейді. Енді, біз 18 миллионнан астық, ал қазақтар соның 70 процентке жуығын құрайды. Кезінде шетелге кетуге мәжбүр болған 1 миллионнан астам қазақ Отанына оралды. Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылғы 67 жастан 2018 жылы 73 жасқа дейін артты", — деді Елбасы.

Назарбаевтың мәліметінше, бір адамға арналған тұрғын үй алаңы 1,5 есе – 14 шаршы метрден 22 шаршы метрге дейін өсті. 219 жаңа аурухана, 1200-ге жуық емхана мен амбулатория салынды. 1849 жаңа мектеп, 900-ге жуық балабақша ашылды.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде 10 мыңнан астам маман дайындадық. Біз ана тілімізді сақтап қана қоймай, оны Қазақстанда ғылым мен білім саласының негізгі тіліне айналдыру үшін барлық жағдайды жасадық", — толықтырды ол.


Қазақстанның тұңғыш президенті бүгінде мектептердің 70 проценті қазақ тілінде білім беретінін мәлімдеді. Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі – 64,5, орыс тілінде – 31, ағылшын тілінде – 4,5 процентті құрайды.

"Бұл мәселелердің бәрін ешқандай қысымсыз, нақты әрі дұрыс шаралар арқылы шештік. Біз еліміздің тарихында тұңғыш рет маңызды ұлттық мәселе – "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық", — деді Назарбаев.

Оның айтуынша, әлемдегі үздік оқулықтар мен кітаптарды шетел тілдерінен тікелей қазақ тіліне аударудың маңызы зор. Қазіргі таңда 48 оқулық аударылған.